Қазақстан жасөспірімдері Люксембургтен ұтылды

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы УЕФА Даму Кубогының соңғы ойынында Люксембург құрамасынан жеңіліп қалды.

Ойынның алғашқы таймында қарсыластар гол соға алмады. Ал, екінші таймда Мәди Жақыпбаев есеп ашып, Қазақстан құрамасын алға шығарды. Дегенмен, араға 10 минут салып Қазақстан құрамасының қақпасына айып добы белгіленді. Леандро пенальтиден мүлт кетпей, таразы басын теңестірді. Матч соңындағы пенальти сериясында біздің футболшылардың жолы болмады.

Қазақстан U17 – Люксембург U17 1:1 (0:0)

Голдар: Жақыпбаев 50 – Леандро 60-пенальти

Пенальти сериясы: 1:4

Қазақстан: Устименко, Ульшин (Ким 30, Мамырбаев 41), Махан (Кеңесов 52), Красноперов (Скворцов 65), Шәмші, Сейдахмет (Қайыркенов 65), Қашкен, Сағи, Ілиясов, Сағнаев, Жақыпбаев.

Ойын нәтижелері:

17 сәуір, жексенбі

Украина – Люксембург 2:1

Македония – Қазақстан 0:0

19 сәуір, сейсенбі

Украина – Қазақстан 1:0

Македония – Люксембург 2:2

21 сәуір, бейсенбі

Люксембург – Қазақстан 1:1

Македония – Украина 0:1

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или