Сергей Малый «Астанаға» қарсы ойнамауы мүмкін

Сергей Малый «Астанаға» қарсы ойнамауы мүмкін

«Ертістің» қорғаушысы Сергей Малый 23-ші сәуір күні өтетін «Астанаға» қарсы кездесуге қатыспауы мүмкін, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Елордалық клубтың президенті Саян Хамитжанов орталық қорғаушыға «Астанамен» ойнауға тыйым салды. Бұл жайлы «Ертістің» президенті Игорь Елащук былай деді:

- Иә, мұндай әңгіме болды. Бұл рас. Бірақ, ресми түрде Сергейге «Астанаға» қарсы ойнауға ешкім кедергі жасай алмайды. Келісімшартта бұл туралы жазылмаған. Сондықтан, Сергейдің алаңға шығу-шықпауы бас бапкерге байланысты, - деді Елащук.

Естеріңізге сала кетсек, Сергей Малый жаңа маусым алдында елордалық «Астанаға» ауысқан болатын. Кейін, «Ертіс» клубына жалға берілді. Бірақ, Сергейдің айтуынша, ол толыққанды «Ертістің» ойыншысы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или