Мұхит Тұрсынов «Қазақстан Барысынан» шеттетілді

Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы ШҚО-да өткен «Қазақстан Барысына» іріктеу жарысының даулы мәселелеріне байланысты қорытындысын шығарды.

Бұл туралы жарыстың ресми сайты хабарлап отыр, деп жазады kazakhstanbarysy.kz. Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы Атқару комитетінің отырысы өткенін хабарлайды. Атқару комитетінің отырысында 2016 жылғы 10 сәуір күні Семей қаласында ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің Шығыс Қазақстан облыстық іріктеу жарыстарының үшінші - облыстық кезеңінің мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, іріктеу кезеңі барысында күш сынасқан Дәурен Нұралинов пен Мұхит Тұрсыновтың белдесуіне қатысты өрбіген дау қаралды.

Аталған кездесу «А» тобындағы Д.Нұралиновтың бірінші, М.Тұрсыновтың екінші белдесуі болған. Белдесуді талдау барысында Д.Нұралиновтың жаттықтырушысы А.Арқабаевтың Федерацияға 19.04.2016 жылы жазған арызы, жарыс хаттамалары, жарыстың бас төрешісі Ш.Тұрсыновтың, кілем жетекшісі Ж.Оралбековтың, ортадағы төреші Б.Ақжігітовтың және қапталдағы төреші Е.Конкиевтің, жарысқа бақылау жасауға Федерация тарапынан өкіл ретінде жіберілген қазақ күресінен мемлекеттік жаттықтырушы М.Жақыттың белдесуге қатысты түсініктемелері, жалпы турнирдің және нақты аталған белдесудің бейне түсірілімі негізге алынды. Атқару комитеті аталған материалдарды қарау және белдесудің бейнетүсірілімін талдау барысында белдесуге төрешілік жасаған төрешілердің өрескел қателіктерге жол бергендігін және сол арқылы балуан М.Тұрсыновтың жеңіске жетуіне жағдай жасағандығын анықтады.

Мысалы, белдесудің үшінші минутында Д.Нұралинов әдіс жасау арқылы М.Тұрсыновтың екі жауырынын жерге тигізіп, таза жеңіске қол жеткізген. Ортадағы төреші Б.Ақжігітов бұл әдісті «таза жеңіс» деп бағалағанымен кілем жетекшісі Ж.Оралбеков Б.Ақжігітов пен қапталдағы төреші Е.Конкиевты шақырып алып, төрешілердің пікірін өзгертуге мәжбүрлеген. Нәтижесінде төрешілер әдісті «жартылай жеңіс» деп бағалап, кездесуді жалғастырған. Бұған Д.Нұралиновтың жаттықтырушысы А.Арқабаев қамшы көтеріп, наразылығын білдірмеген. Сондай-ақ, осы әдістен кейінгі белдесу барысында Д.Нұралиновтың жасаған әдістері дұрыс есептелінбеген, ұпай берілмеген. Керісінше, Д.Нұралиновқа орынсыз ескертулер жасалған. Белдесу барысында кілем жетекшісі Ж.Оралбеков ортадағы төреші мен қапталдағы төрешіні өзіне шақырып, сондай-ақ микрофон арқылы тиісті нұсқаулар берген және осыған орай төрешілер Б.Ақжігітов пен Е.Конкиев кілем жетекшісінің ыңғайына жығылған. Нәтижесінде, төрешілер белдесудің негізгі уақытында ұпай санын тең қылып, қоян-қолтық белдесуге жеткізген. Қоян-қолтық белдесу барысында М.Тұрсынов жеңіске жеткен. Белдесуден соң Д.Нұралиновтың жаттықтырушысы Ұйымдастыру комитетіне немесе төрешілер алқасына қазақ күресінің ережесіне сәйкес 30 (отыз) минуттың ішінде белдесудің нәтижесіне қатысты наразылық хатын түсірмеген.

Жоғарыда көрсетілген деректерді негізге ала отырып, Федерацияның Атқару комитеті төмендегідей қаулы қабылдады:

1. Осы іріктеу турнирінің Бас төрешісі болып бекітілген Ш.Тұрсыновтың осыған дейін төрешілік қызметі барысында жіберген қателіктері үшін Федерация тарапынан 2014 жылдың қаңтарынан 2016 жылдың қаңтарына дейін екі жылға төрешіліктен шеттетілгенін және төрешілікке қайта кіріскеніне үш ай ғана уақыт өткендігін ескере отырып, осы жарыстың барысында ереженің өрескел бұзылуына жол бергендігі үшін Ш.Тұрсынов қазақ күресінің барлық деңгейдегі жарыстарының төрешілігінен мүлдем аластатылды.

2. Жарыстың кілем жетекшісі болған Ж.Оралбеков аталған белдесу барысында дұрыс шешім қабылдамағаны, кілемдегі және қапталдағы төрешілердің әділетті төрешілік жасауына кедергі келтіргендігі үшін қазақ күресінің барлық деңгейдегі жарыстарының төрешілігінен бес жыл мерзімге шететтілді.

3. Осы кездесуде кілемдегі төреші қызметін атқарған Б.Ақжігітов және қапталдағы төреші Е.Конкиев белдесу барысында әділ төрешілік жасамағандары үшін бір жыл мерзімге қазақ күресінің барлық деңгейдегі жарыстарының төрешілігінен шететтілді.

4. Федерацияның атынан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне аталған төрешілерді төрешілік дәрежелерінен айыру туралы ұсыныс хат жолданды.

5. Федерация тарапынан іріктеу турниріне бақылау жасауға барған мемлекеттік жаттықтырушы М.Жақытқа жарыстың әділ өтуіне бақылау жасамағаны үшін қатаң ескерту жасалды.

6. Д.Нұралиновтың жаттықтырушысы А.Арқабаев белдесу барысында бірде-бір рет қамшы көтеріп, күрес әдістерінің дұрыс бағаланбауына наразылық танытпағандықтан және белдесу соңында ережеге сәйкес 30 (отыз) минуттың ішінде төрешілердің шешімдеріне қатысты Бас төрешінің атына наразылық хатын жазбағандықтан турнирдің нәтижесі өзгеріссіз қалдырылды.

7. Іріктеу сынының әділетті өтпеуіне байланысты, көрсетілген фактілерді ескере отырып, М.Тұрсыновты «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің 2016 жылғы ақтық сынына жібермеу туралы шешім қабылданды.

8. «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің 2016 жылғы ақтық сынының жолдамасы Шығыс Қазақстан облысының іріктеу сындарында үшінші орын алған А.Құсайыновқа берілді.

9. Іріктеу турнирін ұйымдастыру, өткізу барысында өрескел қателіктерге жол бергені және тиісті шаралар қабылдамағаны үшін Шығыс Қазақстан облыстық қазақ күресі федерациясына 2 000 000 (екі миллион) теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы алты жылдың ішінде ел ықыласына бөленген, қазақ күресінің дамуына ықпал еткен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің Шығыс Қазақстан облыстық іріктеу жарыстары барысында қателіктерге жол берілгендігіне өкініш білдіреді, әрі болашақта осындай жағдайлардың қайталанбауына күш салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или