Еуропадағы «қазақтар». Көзге көрінген Жуков қана

Еуропадағы «қазақтар». Көзге көрінген Жуков қана

Еуропада өнер көрсетіп жүрген қазақстандық футболшылардың көбісі өткен аптада өнер көрсетпеді. Тек Стас Покатилов пен Георгий Жуков қана жасыл алаңға шықты.

Стас Покатилов, «Ростов» (Ресей)

Өткен турдағындай Стас «Ростовтың» қосалқы командасында алаңға шықты. «Кубаньмен» өткен ойында Покатилов өз қақпасына гол жібермей, екінші таймда басқа қақпашыға алмастырылды. Ал, «Ростовтың» негізгі командасында Стас қосалқы құрамда қалды. Құрбан Бердыевтің командасы болса «Кубаньді» жеңіп, турнир кестесінде қайта бірінші орынға көтерілді.

Георгий Жуков, «Рода» (Голландия)

Георгий болса керісінше жиі ойнауда. Жуков «Рода» сабында үш күнде екі кездесу өткізді. Алдымен, ПСВ-ге қарсы ойында Жуков жасыл алаңда 81 минут өткізсе, «Гронингенмен» өткен ойында 69-минут ойнады. Қос ойында да «Рода» жеңіліс тапты. Естеріңізге сала кетсек, «Рода» Голландия чемпионатында 14-ші орында келеді.

Александр Меркель, «Удинезе» (Италия), Константин Энгель, «Ингольшдадт-04» (Германия), Генрих Шмидтгаль, «Франкфурт» (Германия), Максим Федин, «Спартак» (Субботица, Сербия) мен Ринат Хайруллин, «Спартак» (Юрмала, Латвия) өткен аптада алаңға шыққан жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или