«Өлә, Бразил». Құрдымға кеткен жоба

«Өлә, Бразил». Құрдымға кеткен жоба

2007 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бразилияға жасаған іссапары кезінде балаларымызды «футбол Меккесі» атанған елге жіберу туралы келісімге келген еді. Сол кезден бастап еліміздің сенім артқан жас жеткіншектері жер шарының екінші жартысында орналасқан, талай даңқты футболшылардың отаны Бразилия жерінде футболдың қыр-cырын меңгерген болатын. Футболсүйер қауым үшін жақсы жаңалық болғаны рас. «Оле Бразил» деп аталатын жоба аясында «Ботафого» клубының Академиясында қара домалақ балаларымыз футбол әліпбиін үйренді.

Алайда, ешқашан да бір жақты қолдау табатын жоба болған емес. «Балаларымызды шет елге сонша қаражат төлеп жібергенше, сол ақшаға білікті мамандарды шақырту дұрыс болары еді» дегендер болды. Әрине, ол кезде бұл жобаның қалай аяқталатынын ешкім дөп басып айта алмайтын еді. Бірақ кеше ғана бұл сұраққа нүкте қойылды...

Мәжілісте өткен бұқаралық спортты және дене шынықтыруды дамыту тақырыбындағы Үкімет сағатында  Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бұл жобының ешқандай да тиімділігі болмағанын, нәтижесі көңіл-көншітпейтінін атап өтті. Депутат Нұртай Сәбильянов 2009 жылдан бастап Қазақстан Бразилия футбол академиясына жасөспірімдерді жіберіп келе жатқанын, жылына 100 миллион теңге қаражат төленетінін айта кетіп, жобаның ешқандай да нәтиже бере алмағанына іш күйінісін білдірді.

Өз кезегінде министр Арыстанбек Мұхамедиұлы Бразилия футбол академиясының шынымен де Қазақстан жасөспірімдері үшін тиімсіз екенін айтып, депутаттардың сынымен келісетінін білдірді. Сонымен қатар, «Оле Бразил» жобасының жабылуға жақын екенін айтты. Алайда,  ендігі жеткіншектеріміз футбол әліпбиін Оңтүстік Америкада емес, Германия немесе Нидерланды елінде үйренетінін жеткізді. «Оле Германия» немесе «Оле Нидерланды»? Мүмкін...

Осы ретте, PROСПОРТ Қазақстан тілшісі спорт журналистерінің пікірін тыңдап, жобаның қандай нәтиже бергенін сұрап көрді.

Рауан Оқас, спорт журналисі:

«Оле Бразил» әлбетте жақсы жоба. Міне, қазір жастарымыздың үшінші легі Бразилияда футболдың қыр-сырын үйреніп жатыр. Дегенмен өз-өзін ақтай қойған жоба деп тағы айта алмаймын. Бірінші топ кеткенде, бұл жігіттер келе сала, Ұлттық құрамадан орын алады деген ойдың болғаны шындық. Рауан Сариев деген жігіттің есімін естідік. Бірақ, бертін келе оның өзі қолдан жасалған «жоба» екенін аңғардық. Қазір оның қайда жүргенінен бейхабар күйге жеттік. Сариевтер келген соң, екінші топ кетті. Олар да 3 жыл білім алғаннан кейін, елге қайта оралды. Олар да ештеңе қатырмады. Қазір кәмелет жасқа толмаған үшінші тобымыз оқып жатыр. Осы жобаны ойлап тапқандар қазір басқаша ақталады. Бұл балалардан дені түзу футболшы шықпаса, жақсы бапкер шығады дейді. Бірақ бұл да нақты емес қой. Кімнің не боларын алдағы уақытта көреміз. Бұл жоба қазір сыналып жатыр. Шамасы жабылып тынады-ау. Бір маманның айтқаны бар еді: «Бразилияға 30 бала жібергенше, 30 бапкерді Қазақстанға алдырсақ» деген. Мен де солай ойлаймын.

Ержан Көшкінбай, спорт комментаторы:

Олардан еш пайда болмады. Араларынан шыққан ең үздігі Рауан Сариевтің өзі премьер лига деңгейінде ойнай алған жоқ. Сондықтан бұл қымбат жоба өзін ақтай алмады. Демек қаржы текке кетті деген сөз. Оның орнына бұл ақшаны өз елімізде жеткіншек футболшыларды дайындайтын жобаға салу керек еді.

Бек Төлеуов, спорт журналисі:

Бұл жобаның үмітті ақтамайтынын басында білдім. Жыл сайын 25 баланың оқуына мемлекеттен 85 миллион теңге бөлінеді. Үш жылға 260 миллион теңге жұмсалады екен. Бұл өте тиімсіз. Жалпы Қазақстанда қыруар қаржы бөлінген жобалардың көбісі үмітті ақтамай жатады. Өйткені, оның сыртында «жемқорлық» мәселесі қытиып тұрады. «Оле бразил» Академиясына барғандардың ішінде таныс-тамырлары күштілер де болды. Елге оралғандардың арасында Берік Шайықов, Рауан Сариев, Абылайхан Дүйсен, Рафкат Аслан сияқты 5-6 баланың есімі ерекше аталды. Премьер-лига клубтарына қабылданды. Бірақ әлі күнге дейін бірде-біреуі өз клубтарында негізгі құрамның ойыншысы болған жоқ. Жыл сайын 25 баладан емес, әрі кетсе 2-3 ең талантты деген жас ойыншыларды жіберчек тиімді болар еді. Бразилия аса дамыған мемлекет емес. Ол жақта да жемқорлық мәселесі ушығып тұр. Сондықтан министр айтқандай Германия, Нидерланды елдерін қарастырып көруіміз керек.

Алғашқы толқыннан тек Рауан Сариев пен Берік Шаиховты атап өтуге болады. Алайда олардың өзі Премьер-Лига деңгейінде әзер өнер көрсетіп жүр. Словакиялық маман Владимир Вайсс «Қайрат» клубын баптап жүрген уақытында Рауанды командасына алып, бір-екі мүмкіндік берген болатын. Бірақ та «Оле Бразилдің» ең дарынды деген ойыншысы жергілікті футболшылардың деңгейіне де жете алмайтыны байқалды.

«Оле Бразил» жобасының түлектері мен елімізде өскен футболшыларды алып қарасақ, қазіргі таңда ҚПЛ-да Бразилияда тәлім алған ойыншыларға қарағанда өзіміздің мемлекетімізде тәрбиеленген футболшылардың саны басым. «Ботофаго» шәкірттерінің көбісі Бірінші Лигада. Атап айтар болсақ, «Оле Бразил» жобасы үшін құрылған «Бәйтерек» командасында доп тебеді. Елордада орналасқан «Бәйтерек» клубы қазірдің өзінде жеңілістен көз ашпай келеді. Ол өз алдына бөлек әңгіме...

Елімізде балалар футболына баса назар аударған, ұзақ уақытты әрі зор еңбекті талап ететін жолды таңдаған азаматтың бірі Қайрат Боранбаев. Үш жылдың ішінде «Қайрат» клубы жасөспірімдер, орта буын мен кәсіпқой футболшылар дайындалатын іш бірдей ғимарат салды. Балалар футболы үшін үлкен қаражат бөлініп, шетелден бапкерлер шақыртылды.

«Басым бөлігі «Оле Бразилдің» түлектерінен құралған Қазақстан жасөспірімдер құрамасы «Гранаткин Мемориалы» жарысында соңғы орын алды. Бұл дегеніміз, балаларымызды Бразилияда ештеңеге үйретпегендігінің дәлелі. Қазірден бастап, көптеген спорт басшылары біз дұрыс бағытта келе жатырмыз ба деген сұраққа ойлану керек», - дейді «Қайрат» клубының басшысы Қайрат Боранбаев.

«Оле Бразил» жобасының тиімсіздігін енді түсінген шенеуіктер, балаларды Бразилияға емес, Еуропаға жіберуді дұрыс деп шешіпті. Бір рет жасаған қателігімізді екінші мәрте қайталауға біздің құқығымыз жоқ. Өйткені, тағы бір буынды құр жіберіп аламыз ба деген қорқыныш бар. Одан да сол ақшаға елімізде футбол Академияларын салып, шет елден білікті бапкерлерді шақырту тиімді шығар?...

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или