«Лестер» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінен орын алып қойды

Англия чемпионатының көшбасшысы осы маусымда үшінші орыннан төмендемейді.

Премьер-лиганың 27-турындағы кейінге шегерілген матчта, «Манчестер Сити» «Ньюкаслді» ұта алмады, осылайша, «Лестер» турнир кестесінде үздік үштіктен орын алып қойды. Чемпионаттың аяқталуына төрт тур қалғанда «түлкілер» «қалалықтардан» 12 ұпай озып тұр.

Айта кетейік, Премьер-лигада үздік үштікке енген команда Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне тікелей өтеді, «Лестер» мұндай нәтижеге бұрын жетпеген. Клаудио Раньери шәкірттері екінші орында келе жатқан «Тоттенхэмнен» бес ұпайға озып келеді. Олардың қалған қарсыластары: «Суонси», «Манчестер Юнайтед», «Эвертон» және «Челси».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или