«Қайрат» Аршавиннің жалақысы туралы қауесетті жоққа шығарды

Алматылық «Қайрат» ФК ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұхтар Тінікеевтің мәлімдемесін жоққа шығарды.

«Депутаттың қойған сауалына айтарымыз, бір де бір футболшы мұндай жалақы алмайды», - делінген клубтың ресми сайтында.

«Андрей Аршавинді команданың халықаралық тәжірибесін байытады деген сеніммен алдық. Ол Қазақстан футболының атын шетелдік аренада шығарады деген ойдамыз. Соңғы уақытта Аршавин ауысқалы футбол мачтарына келетіндердің саны көбейген. Сондай-ақ, Мұхтар Бәкірұлына айтарымыз, «Қайрат» - елдегі балалар футболына баса мән беретін жалғыз клуб. Соңғы үш жылда балалар мен жасөспірімдерге арналған екі академия салды. Оған халықаралық дайындық жүйесін енгізді. С.П. Квочкин атындағы балалар академиясы 2 га аумақта орналасқан. Мұнда 7-13 жасқа дейінгі балалар оқиды. Соңғы үші жылда «Қайрат» ФК 14 футбол алаңын, 6 дайындық орталығын, 2 жабық футбол алаңын салуға мұрындық болды», - деді клубтың баспасөз-қызметі.

Клуб басшылығы команда ойыншыларының шығындарын жабуға бюджет қаржысы тартылмағанын айтып өтті.

«Өткен жылы ресми құрылтайшы «KazRosGas» ЖШС-інен жоспарланған соманың тек 50%-ын ғана алдық. Клубтың қызметін қазақстандық компаниялар мен банктер қолдап отыр», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұхтар Тінікеев Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен үкімет сағаты кезінде «легионерлер жалақысын ретке келтіру қажет» деген мәлімдеме жасаған болатын.

«Кеше бізде Қазақстан чемпионаты аяқталды. 350-ден астам қатысушы болды. Бұған дейін бір апта бұрын Қарағанды облысында «Nomad» ММА чемпионаты өтті. Оған мемлекеттен ешқандай қолдау болған жоқ. Аршавиннің жалақысы миллион доллардан жоғары. Ойлаңызшы, жылына миллионнан жоғары... Айына 30 мың доллар жалақы алатын легионерлер бар. Бізге осындай футбол керек пе? Жалпы, осындай спорт керек пе, жоқ па бізге? "Астана" баскетбол клубында жалғыз қазақстандық бас менеджер Слава Тихоненко ғана, қалғандары легионерлер. Олай болса бізге балалар спортына ақша бөлу қажет, мұндай баскетбол, мұның бәрі не үшін керек?» , - деген болатын Тінікеев.

Естеріңізге сала кетсек, депутат «футболшы Андрей Аршавиннің өзі 1 млн доллардан астам жалақы алатынына»наразы болған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или