«Бұл «Қайраттың» мәселесі, өздері шешсін» Тур цитаталары

Дмитрий Шомко «Қайраттың» дағдарысы туралы айтса, Марат Хайруллин Қазақстанда матчтардың неге кешкісін өтпейтінін сөз етті, ал Ренат Абдулин Андрей Аршавиннің сәтсіз ойыны туралы пікірімен бөлісті.

Дмитрий Огай («Тобылдың» бас бапкері) орнынан босатылуы туралы пікірге философиялық тұрғыда жауап қатты:

– Сеніңіздер, бапкер үшін орнынан босатылу – ең қорқынышты жағдай емес, маңыздысы – жақын адамдарыңның бақыты мен денсаулығы. Жұмыс бүгін бар, ертең жоқ.

Дмитрий Шомко («Астананың» қорғаушысы) «Қайраттың» қиындықтары туралы пікірін Аршавиннің стилінде білдірді:

– «Қайрат» - жақсы команда. Құрамынан ешкім кетпеді деуге болады. Владимир Вайсс командалық тамаша ойын үлгісін қалдырды. Қазір ол көрінбейді. Бұл олардың мәселелері, өздері шешсін.

Марат Хайруллин («Оқжетпестің» жартылай қорғаушысы) Қазақстан чемпионатының өткен ғасырмен өмір сүріп жатқаны туралы:

– Кешкі уақыттарда ойнасақ, тамаша болар еді. Демек, кей стадиондарда прожекторлер мен жарық жоқ деген сөз.

Ренат Абдулин («Ордабасының» қорғаушысы) ҚПЛ-дағы басты жұлдыздың ойнауына не кедергі болып жүргенін айтты:

– Андрейдің тамаша футболшы екені, үлкен клубтарда ойнағаны көрініп тұр. Бірақ әзірше Аршавинге Қазақстанда қиынға соғуда, себебі біздің футбол «физикаға» байланып қалған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или