Евгений Постников: «Кім мықты – сол жеңіске жетеді»

«Астананың» қорғаушысы Евгений Постников «Kazsport» телеарнасына матчтан кейін берген сұхбатында «Тобылға» қарсы матчтан алған әсерімен бөлісті.

— Ойын күреске толы өтті. Гол соғып, жеңіске жеткеніміз жақсы. Тағы бірнеше тамаша сәт болды... Менің ойымша, лайықты жеңіске жеттік.

— Бірінші тайм кезінде қорғаныстың шетінде ойнап, үзілістен кейін үйреншікті орталық қорғаушы позициясына ауыстыңыз.

— Бұл Марин Аничичтің кішігірім жарақат алғанымен байланысты болды, мен орталыққа қайтып келіп, қапталға Абзал Бейсебеков шықты.

— Оң жақтағы қорғаушы позициясында ойнау қиын ба?

— Әрине, мүлде басқа жұмысты орындау қажет. Талдықорғанда Юра Логвиненко да сол қапталда ойнаған еді. Мүмкін, барлық ойыншылар бабында болу үшін, кез келген уақытта командаға көмектесе алу үшін бапкер осындай өзгрістер жасайтын шығар.

— Алдағы «Ертіске» қарсы өтетін матч туралы не ойлайсыз?

— Бізді қызықты ойын күтіп тұр. Әдемі футбол көрсетуіміз керек. Кім мықты – сол жеңіске жетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или