Аруна Лукман: «Команданың жеңіске жетуіне көмектескеніме қуаныштымын»

Аруна Лукман: «Команданың жеңіске жетуіне көмектескеніме қуаныштымын»

«Астананың» жаңа ойыншысы Аруна Лукман Премьер-Лигада өзінің алғашқы голын соқты. Қостанайлық «Тобылға» қарсы матчтың 32-ші минутында көзге түсіп, елордалық ұжымның жеңліссіз сериясын жалғастырды.

— Жеңіске жетулеріңізбен және Қазақстанда соғылған алғашқы голыңызбен құттықтаймыз. Осындай күрделі кездесуден алған әсеріңіз қандай?

— Барлық әсерім жағымды. Команда бүгін тамаша ойын көрсетіп, лайықты жеңіске жетті деп санаймын. Ертең екі жасқа толатын қызыма соғылған голды арнағым келеді.

— Жаңа командаға, Қазақстан чемпионатына үйрену қаншалықты қиын болды?

— Әрине, қиын. Қазақстан чемпионаты дамып келе жатыр, жеңіске жету оңай емес екендігі көрінеді. Оған қоса, маған жаңа клубқа, әріпстестеріме үйрену үшін, шабуыл кезінде ойыншылармен өзара түсінушілікті жақсарту үшін уақыт қажет болды. Біздің команда әрбір ойын сайын күшейе беретініне үміттенемін.

— Плеймейкер орнында өзіңізді қаншалықты сенімді сезіндіңіз?

— Мен алаңның осы бір тұсында мәнсабымның үлкен бөлігінде ойнаған едім. Өз ойыныммен клубқа жеңіске жетуге көмектескеніме қуаныштымын.

— Бүгін сізде екінші голды соғуға жақсы мүмкіндік болды...

— Иә, гол соғатын сәтті пайдалана алмағаным өкіншті. Алайда, бұл футбол ғой. Ол осындай сәттерден тұрады. Осындай жағдайлар үшін көптеген адамдар футболды жақсы көреді.

— Киевтік «Динамо» құрамында алыстан соғылған голдарыңыз біздің есімізде. «Астана» құрамында осындай ойынды қашан тамашалай аламыз?

— Бәрі өз кезінде болар.Тағы да қашан гол соға алатыныңды айту өте қиын. Алайда, осындай сәтке тағы да кезіксем, оны іске асыра алатыныма үміттенемін. Футбол – командалық спорт түрі, мұнда өзің қалайша әдемірек гол соға аламын деп емес, командаға пайда әкелетіндей шешім қабылдау керек.

— Командада кім сізге кім көмектесіп жүр?

— Патрик, Роджер, Постников, Нқсербаев — бұл тізім едәуір ұзақ. Ойыншылар тату, ұйымшыл ұжым қалыптасқанын дәлелдейтін шығар.

«Астана» баспасөз-қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или