Дмитрий Огай: «Жұмыс бүгін бар да, ертең жоқ»

Дмитрий Огай: «Жұмыс бүгін бар да, ертең жоқ»

«Астана» - «Тобыл» матчынан кейін қостанайлық команданың бас бапкері Дмитрий Огайдың қатысуымен өткен баспасөз-мәслихатында өтті.

- Чемпиондар Лигасында ойнайтын, көптеген жас және жақсы футболшылар жиналған командамен ойнау күрделі. Әсіресе 80-90 пайызға жаңарған біздің командаға қиын болды. Бірақ біздің ұжым үшін ең бастысы – өз мінезін көрсету, екінші тайм кезінде ойлағанымызды іске асыра алдық.

- Алғашқы 20-30 минут бойы «Тобыл» ойыншылары өздерін еркін сезіне алмағандай болып көрінді. Оның себебі неде деп ойлайсыз?

- Себебі психологияда. Қарсылас командада жоғары дәрежеде ойнайтын ойыншылар жиналған. Мысалға, Каньяс байсалды ойнайды, өйткені, оның ойын дәрежесі оған солай ойнауға мүмкіндік береді. Бізде осы аумақта осындай футболшы жоқ. Сондықтан оны басқа сипаттармен ауыстыру керек.

- Тимур Досмағамбетовтың бүгінгі ойынын қалай бағалайсыз?

- Мен нақты футболшыны сөз еткім келмейді, одан да командалық әрекет туралы сөйлесейік.

- Сіздің командаңыз қатарынан екі рет ұтылды. Облыс басшылығы түбегейлі шаралар қолданады деп қорықпайсыз ба?

- Сіз жұмыстан босату туралы айтып жатырсыз ба? Бапкер үшін бұл ең қорқыныштысы емес, ең бастысы бұл жақын адамдардың бақыты мен денсаулығы. Жұмыс бүгін болып, ертең болмауы да мүмкін.

«Астана» баспасөз-қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или