«Барселона» қатарынан үш матч ұтылды

«Барселона» қатарынан үш матч ұтылды

«Барселона» испаниялық Примераның 33-турында «Валенсиядан» ұтылып қалды. «Камп Ноу» стадионында өткен ойын 2:1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.

Бірінші таймның ортасында Иван Ракитич өз қақпасына гол салып алды. Ал командалар үзіліске кетер тұста Сантьяго Лоренсо қонақтардың басымдығын ұлғайтты. Бұл қос голға каталониялықтар бір ғана доппен жауап қатты. 63-минутта Лионель Месси қанжығасын майлады. Бұл аргентиналықтың мансабындағы 500-голы болатын.

Осылайша, «Барселона» чемпионатта қатарынан үш кездесуде жеңіліп қалды.

33-турдан соң «Барселона» 76 ұпаймен көш бастап келеді. Дәл осындай ұпай еншілеген «Атлетико» қосымша көрсеткіштер бойынша екінші орында тұр. Ал үздік үштікті олардан бір ұпайы кем «Реал Мадрид» түйіндейді. «Валенсия» болса, 40 ұпаймен 11-орында.

Испания - Примера. 33-ші тур

Барселона (Барселона) – Валенсия (Валенсия) 1:2

Голдар: Ракитич, 26 (0:1, автогол); Лоренсо, 45+1 (0:2); Месси, 63 (1:2).

Ескертулер: Пике, 35; Суарес, 40; Неймар, 86 – Барраган, 15; Парехо, 51; Гомеш, 68.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или