«Жетісу» - «Астана» матчы аясындағы қызықты деректер

«Астана» клубының баспасөз-қызметі «Жетісу» командасына қарсы 5-ші тур аясында өткен матчқа байланысты қызықты деректерді ұсынады.

- Юрий Логвиненко «Астана» киіміндегі өзінің бірінші голын соқты.

- Лукман Аруна елордалық клубтың құрамындағы алғашқы ойынын өткізді.

- Таңат Нөсербаев Премьер-Лига аясында «Астана» сапындағы 130-шы матчын өткізді. Осы көрсеткіш бойынша ол 2009 жылдан бастап 2014 жыл аралығында елордалық команданың құрамында ойнаған Марат Шахметовке жетті.

- Евгений Постников «Астана» сапындағы өзінің 75-ші матчын өткізді.

- Серікжан Мұжықов «Астана» сапындағы өзінің 5-ші нәтижелі пасын берді.

- «Жетісу» клубына қарсы матч Мұжықов үшін Қазақстандық Премьер-Лига аясында елордалық команда құрамындағы 30-шы матчы болды.

- «Астана» 19 матч ішінде «Жетісу» клубын 10-шы рет жеңді.

- 1:0 – есебімен «Жетісу» мен «Астананың» арасындағы 11 матч біткен еді.

- «Астана» құрамында «Жетісу» клубының екі түлегі – Серікжан Мұжвқов пен Алексей Щеткин алаңға шықты.

- «Жетісу» құрамында да елордалық футбол мектебінің екі түлегі шықты – Әділ Балғабаев пен Максим Азовский. Алайда екі ойыншы да қосалқы құрамда қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или