Роналду – Чемпиондар лигасында осы аптаның үздік ойыншысы

«Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду УЕФА-ның нұсқасы бойынша Чемпиондар лигасында осы аптаның үздік ойыншысы атанды.

Мадридтік команданың шабуылшысы жанкүйерлер арасындағы сауалнамада 74% дауыс жинап, сенімді түрде жеңіске жетті. Екінші орынды өзара бөліскен Артуро Видаль («Бавария») мен Антуан Гризманнда («Атлетико») 10%-дан бар. Кевин Де Брёйне («Манчестер Сити») төртінші орынға жайғасты — 6%.

Естеріңізге сала кетсек, «Вольфсбургке» қарсы матчта Роналду хет-трик жасап, өз командасын жартылай финалға алып шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или