Кахабер Цхададзе: «Гол соғатын мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық»

«Қайраттың» бас бапкері Кахабер Цхададзе қарағандылық «Шахтермен» өткен ойын жайлы айтып берді.

- Гол соғатын мүмкіндіктеріміз көп болды, бірақ бұдан нәтиже шығара алмадық. Бұл тұрғыда әлі де көп еңбек ету керек. Өз алаңымызда бірінші рет ойнаған соң, жеңіске жетіп, жанкүйерлерімізді қуантқымыз келген. Команда бастапқы үш турда бес гол жіберген болатын, бүгін болсақ гол жібермедік. Бұған қоса, соңғы жиырма минутта бір ойыншыға кем ойнадық.

- Исламханның алаңнан қуылуы жайлы не ойлайсыз?

- Екінші сары қағаз. Бұл төрешінің шешімі, мен ештеңе айта алмаймын. Бауыржанның екінші сары қағаз алған сәтінде оған тәжірибе жетпеді.

«Қайрат» ФК ресми сайтынан*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или