«Тобыл» өз алаңында «Ақтөбеге» жол берді

Қостанайлық «Тобыл» маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Чемпионат басталғалы жеңілмеген «Тобыл» өз алаңында «Ақтөбеге» жол берді. Ойын қостанайлықтар үшін сәтті басталған. 6-минутта Константин Дудченко алаң иелерін алға шығарды. Бірақ 20-минутта Асланбек Кәкімов таразы басын теңестіріп тастады.

Үзілістен кейін Никита Бочаров алыстан жойқын соққы жасап, қонақтарға маңызды үш ұпай сыйлады.

Осы жеңісінің арқасында «Ақтөбе» 7 ұпай еншілеп, «Тобылға» жетіп алды.

«Тобыл» - «Ақтөбе» 1:2 (1:1)

Голдар: 1:0 – Дудченко 6, 1:1 – Кәкімов 20, 1:2 – Бочаров 70

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или