Юрий Логвиненко «Астана» сабындағы алғашқы голын салды

Футболдан Қазақстан чемпионатының бесінші турында ел чемпионы «Астана» қонақта талдықорғандық «Жетісуды» қапы қалдырды.

Чемпионат басталғалы елордалық команда ұпайдан шашау шығарар емес. Бесінші турда да «Астана» кезекті үш ұпайын қанжығасына байлады.

Алғашқы таймда жанкүйерлер гол көре алмады. Үзілістен кейін астаналықтар жеңіс голын соғып кетті. 78-минутта көзге түскен Юрий Логвиненконың арқасында қонақтар жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 1:0.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или