Софи ИНГЛ: «Қазақстан бізге бәсекелес емес, 3:0 етіп жеңеміз»

Софи ИНГЛ: «Қазақстан бізге бәсекелес емес, 3:0 етіп жеңеміз»

12 сәуір күні Шымкентте әйелдер арасындағы футболдан Еуропа чемпионатында іріктеу кезеңінде Қазақстан ұлттық құрамасы Уэльс аруларымен ойнайды.

Осыған орай біз Уэльс құрамасының капитаны Софи Инглді азды-кем әңгімеге тартып үлгердік.

Шағын ғана сұхбат барысында ол уэльстік футболшылар қазақстандықтарды жеңетініне сөзсіз сенімді екенін жасырмады. Сонымен қатар Софи қазақстандық клубтар келісімшартпен өнер көрсетуге шақырса, бас тартпайтынын айтып қалды.

- Софи, өзіңіз Қазақстанда бұрын-соңды болып па едіңіз?

- Жоқ, алғаш рет келуім.

- Бұл ел туралы не айтар едіңіз?

- Ауа райы тым жылы. Бәлкім ол ертеңгі ойын үшін бізге кедергісін келтіретін шығар. Себебі біз салқын ауада матч өткізіп үйреніп қалғанбыз.

- Қарсыластарыңыз туралы не айтасыз?

- Матч өткенге дейін бір апта бойы қазақстандық футболшылардың ойынын видео арқылы әбден бақыладық. Тәжірибе жинадық. Бәлкім олар өз тактикаларын бұл ойында өзертетін де шығар. Бірақ, ертеңгі ойыннан еш қорықпаймыз. Біз 3:0 есебімен елге жеңіспен ораламыз.

- Әйелдер арасындағы футболдан қазақстандық футболшыларды өзіңіз танисыз ба?

- Танымайды екенмін.

- Жалпы Қазақстан туралы не білесіз?

- Шынымды айтсам, әзірге ешнәрсе білмейді екенмін. Тіпті бұл елдің астанасы қай қала екенін де. Бұл жаққа келмес бұрын қарсыластарымыз бен біз мекен ететін қонақүй туралы ақпаратты ғана жинап үлгердім.

- Софи, енді өзіңізге қысқаша тоқтала кетсеңіз...

- Менің жасым 24-те. Соңғы алты жылдан бері Уэльс құрамасында өнер көрсетіп келемін. Негізі спортқа 6 жасымнан келгенмін.

- Соңғы сұрақ, егер Қазақстан сізді осы елде өнер көрсетуге шақырса, келісер ме едіңіз?

- Ұлттық құрама сапында ойнауға шақырса, түбегейлі бас тартамын. Себебі мен өз елімді сүйемін, әрі патриотымын. Егер Қазақстандағы клубтардан ұсыныс түссе, келісуім мүмкін. Әрине, басты талап – ыңғайлылық.

- Әңгеміңізге рахмет.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или