Бегайым Қырғызбаева: «Ойынға дайындықты тыңғылықты жүргіздік»

Футболдан әйелдер арасындағы 2017 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Уэльс құрамасына қарсы кездесу туралы Қазақстан құрамасының капитаны Бегайым Қырғызбаева өз ойымен бөлісті.

- Дайындық жақсы. Екі аптадай жаттығу жасадық, - дейді Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Бегайым Қырғызбаевa. - Әр клубтың ойыншылары маусымға дайындықты жақсы жүргізді. «Биік-Қазығұрт» ойыншылары Түркияда, Астана командасы Өзбекстанда тыңғылықты дайындалды. Ойынға арнайы тактика әзірленді. Уэльспен өткізген алғашқы ойында талдап, қателіктерімізді көрдік. Енді оларға жол бермеуге тырысамыз. Еуропаның көптеген командалары физикалық жағынан қатты дамыған. Біздің командаға жастар құрамасынан екі жас ойыншы қосылды. Олар – Светлана Бортникова мен Ксения Хайрулинна. Австриямен болған ойында Бортникова алаңға шығып, ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын өткізді.

Еске сала кетейік, Қазақстан мен Уэльс матчы ертең, 12 сәуір күні Шымкент қаласындағы «Биік» стадионында өтеді. Ойын сағат 15:00-де басталады.

ҚФФ баспасөз-қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или