Юрий Логвиненко: «Әр кездесу өзінше бір қиын»

Юрий Логвиненко: «Әр кездесу өзінше бір қиын»

Елордалық «Астана» клубының қорғаушысы Юрий Логвиненко ProsportKz.kz тілшісіне «Таразға» (2:1) қарсы матч жайлы пікірімен бөлісті.

- Сіздің командаңыз ел біріншілігінің алғашқы төрт кездесуінде де жеңіске жетті. Қарсыластарыңыз соншалықты әлсіз болғаны ма?

- Жоқ, әрине. Әр кездесу тартысқа толы, қиын өтеді. Тек біз басымдықты өз қолымызға алып ойнаймыз. Гол соғатын мүмкіндіктер көп болады, алайда соңғы нүктені қоярда қателісіп жатады. Сол себепті де жеңіске жету әзірше оңай тиген емес.

Бүгін «Таразға» қарсы матчта гол соғатын мүмкіндіктеріміз көп болды. Олар, тіпті, таразы басын теңестіріп кеткен болатын. Қайталап айтам, гол соғатын мүмкіндіктерімізді дұрыс пайдала білуіміз керек. Әлі де болсын еңбектену қажет. Матч кезінде сабырлық сақтап үйрену керек. Бірақ алдағы уақытта бәрі жақсы болады деген сенімдемін.

«Ертіс» командасы бізбен бірдей келеді. Оларға қарсы ойында жеңіске жетуге тырысатын боламыз. Ал әзірге барлық ойымыз тек алдағы «Жетісу» мен «Тобылға» қарсы кездесулері жайлы болмақ.

- 4-ші турдан бастап 8 күннің ішінде үш кездесу өткізесіздер. Мұндай тығыз ойындарға дайынсыздар ма?

- Иә, әрине. Еуропада барлығы 3-4 күн сайын ойнайды. Біз неліктен ойнай алмайды екенбіз?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или