Юрий Өткелбаев: «Шабуылда жанкүйерлерге ұнайтын нағыз ойын болды»
<p style="text-align: justify;">
<strong>«Ақтөбе» ФК бас бапкері Юрий Өткелбаев матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында «Жетісуге» қарсы ойын туралы пікірімен бөлісті.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Бұл көптен күткен жеңіс еді. Жігіттер қатты жеңгісі келді. Сондықтан да сәл қобалжып ойнадық. Қарапайым сәттерде қателік жіберіп жаттық. Қарсыласымыз біздің жеңісімізді қиындатып жіберді, өте белсенді ойнады, гол соғатын мүмкіндіктері болды, бірінші таймда біздің қақпашымыз да құтқарып қалды. Қорғаныста алдыңғы өткен матчқа қарағанда салғырт айнадық. Біраз қателік жіберіп қойдық, қарсыласқа екі гол соқтырдық, үшіншісін де жіберуіміз бек мүмкін еді. Бірақ шабуылда жылдам футбол көрсеттік, жақсы мүмкіндіктеріміз де болды, шабуылда жанкүйерлерге нағыз ұнайтын ойын болды. Осындай ойындар көбейген сайын, трибунада жанкүйерлер де көбейетіні анық. Барлықтарыңызға рахмет, бізге жанкүйер болыңыздар», - деді Өткелбаев. </p>
<p>
</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или