Алмас Құлшынбаев: «Ақтөбені» алғашқы жеңістерімен құттықтаймын»

Алмас Құлшынбаев: «Ақтөбені» алғашқы жеңістерімен құттықтаймын»

«Жетісу» ФК бас бапкері Алмас Құлшынбаев матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында «Ақтөбеге» қарсы ойын туралы пікірімен бөлісті.

- Ойынның алғашқы жиырма минуты мені таңғалдырды, себебі біздің команда қобалжып ойнады. Былай қарасақ, командамызда біздің біріншілік пен басқа елдерде де ойнаған тәжірибелі ойыншылар бар. Енді осы мәселелерімізді талқылайтын боламыз, шынымды айтсам, айтарға уәж таппай тұрмын. Екінші таймда алаңның басым бөлігінде басымдыққа ие болдық, гол соғатын сәттеріміз де аз болмады, бірақ біз ол мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. Қарсыластың ойыны жүріп тұрды, гол соғатын екі мүмкіндікті екі голға айналдыра алды. Білмеймін, жолымыз болмаған шығар. Бірақ мен бұны біздің дұрыс жұмыс жасамағандығымыздан деп ойлаймын. Біз екінші гол соғып, қарсыласты тықсыра бастадық. Ойынның ең шешуші тұсы, Симоновскидің үш метрден гол соға алмағаны, сол кезде қақпашының жанына тебе салғанда, есеп 2:2 болар еді, әрі қарай жеңісті жұлып әкетер ме едік. Бірақ бұл фубол. «Ақтөбені» алғашқы жеңістерімен құттықтаймын. Біздің жеңістеріміз әлі алда деп үміт етемін.

- Бір ойында үш гол жіберу көп емес пе? Бұл қорғаушылардың қателігі ма, әлде қақпашының қателігі ме?
- Қарсыластың екі голында да шабуылшылары айып алаңымызда жападан-жалғыз қалып жатты. Бочаров гол соққан кезде, қарсылас ойыншыға мүмкіндік беріп, өз айып алаңымызда қалай болса солай ойнадық. Мен тек қорғаушыларды кінәлағым келмейді, қақпашы да кінәлі. Кез-келген гол соғылған кезде, қақпашының да кінәсі болады. Бірақ өздеріңіз көрдіңіздер, соққыны қақпашы қайтара алмайтын еді, бұл бәріміздің де қатеміз. Өйткені бірінші гол алаң ортасынан басталды, екінші гол да біздің қателіктеріміздің кесірінен кірді. Сондықтан бәрінің кінәсі бар. Мен тек қорғанысты кінәлағым келмейді, бұл біздің ішкі мәселелеріміз, талқылайтын боламыз. Бірақ үш гол әрине көп.

- Қандай есепке ниет етіп едіңіз?
- Біз тек жеңу үшін келдік

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или