«Ақтөбе» мен «Жетісу» матчына кіру тегін болады

Футболдан Қазақстан чемпионатының төртінші турындағы «Ақтөбе» мен «Жетісу» кездесуі елордамыздағы «Астана Арена» стадионында өтеді.

Матч 20:00-де басталады деп жоспарланған. Жанкүйерлер ойынды тамашалау үшін стадионға тегін кіреді.

Айта кетейік, бұл ойын Ақтөбеде өтуі керек болатын. Бірақ Қобыланды батыр атындағы «Орталық» стадионның көгалы дайын болмауына байланысты, «Ақтөбе» ФК ҚКФЛ-ға сұраныс жіберген еді.

Естеріңізге сала кетсек, алғашқы үш турдан соң «Ақтөбе» 1 ұпаймен оныншы орында келеді. Ал талдықорғандық клуб 2 ұпай еншілеп, 8-ші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или