«Тобыл» «Шахтерді» тас-талқан етті

Қостанайлық «Тобыл» ел біріншілігінің үшінші турында өз алаңында қарағандылық «Шахтерді» ірі есеппен жеңді.

Қостанайлық команда бірінші таймнан ойын басымдығын өз қолына алды. Алаң иелері 26-минутта Сергей Яворскийдің көмегімен алға шыққан. Араға он минут салып, Томаш Шимкович есепті 2:0-ге жеткізді. Ойынның нүктесін 82-минутында Сергей Хижниченко қойды.

«Кеншілерге» матч соңында гол салатын тамаша мүмкіндік болған. 90-минутта «Тобыл» қақпасына пенальти белгіленді. Бірақ нүктеге келген Корнелис Уббинк гол сала алмады.

«Тобыл» - «Шахтер» 3:0 (2:0)

Голдар: 1:0 – Яворский 26, 2:0 – Шимкович 36, 3:0 – Хижниченко 82

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или