Гаэль Тавамба «Қайраттың» ойыншысы атанды

Гаэль Тавамба «Қайраттың» ойыншысы атанды
<p style="text-align: justify;"> <strong>Камерун футболшысымен арада 1+2 сызбасы бойынша келісімшартқа қол қойылды. Енді Гаэль Тавамба алматылық &laquo;Қайраттың&raquo; сапында 20 нөмірімен ойын алаңына шығатын болады. </strong></p> <p style="text-align: justify;"> ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, оның спорттық мансабы камерундық &laquo;Юнион де Дуала&raquo; клубында басталған. Бес жыл ішінде Гаэль африкалық клубта ойын көрсетті, содан кейін Тавамба словакиялық &laquo;Нитра&raquo; ойыншысы болған. Одан кейін шабуылшының қоржынында &laquo;Ружомберок&raquo; және сириялық &laquo;Әл-Ахли&raquo; клубтарындағы ойындары бар. Онда Гаэль әскери іс-қимылдар салдарынан жарысқа қатыса алмады. 2015 жылы ол словакиялық &laquo;ВиОн&raquo; клубымен келісімшартқа қол қойды. Онда ең көп гол соққан ойыншы атанды.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или