Сенімді сарбаздар күзетте. Қазақстан құрамасын тағы кімдер күшейте алады

Сенімді сарбаздар күзетте. Қазақстан құрамасын тағы кімдер күшейте алады

Әзірбайжан мен Грузияға қарсы жолдастық кездесулерді Талғат Байсуфинов жаттықтырған Қазақстан құрамасы абыроймен өткізді. Бұл матчтарға дәл қазір еліміздегі ең мықты футболшылар шақырылған. Бірақ Талғат Маруанұлының назарынан тыс қалған, әйтсе де, ұлттық құрамамызды күшейте алатын ойыншылар жоқ емес.

Қазақстан құрамасының бірінші нөмірі анық. Бүгінде Стас Покатиловқа бәсекелестік таныта алатын қазақстандық қақпашылар кемде-кем. Юрий Красножан үміт артқан жас голкиперге Талғат Байсуфинов те сенімартты. «Ростовта» қосалқы құрамда отырса да, Стас өз шеберлігін дәлелдеп үлгерді. Әзірбайжанға қарсы ойында ол өз қақпасын сенімді күзетті. Покатилов жарақат алып қалса, оны алмастыра алатын қақпашыларымыз да дайын. Давид Лория мен Владимир Плотников Грузияға қарсы ойында жақсы өнер көрсетіп, бірнеше рет сейв жасады. Олар болмағанның өзінде, Ненад Эрич те жақын арада біздің ұлттық құрамада ойнауға ресми түрде құқылы болады.

Ал орталық қорғаушы қызметінде бір ғана ойыншының орны алмаспайды – Юрий Логвиненко. Ал Ақтөбе футболының түлегіне кімнің жұп құрайтыны белгісіз. Жақында өткен жолдастық кездесулерде Сергей Малый ойнаған. Бірақ «Ертістің» қорғаушысы жиі қателесіп, нәтижесінде біздің қақпаға үлкен қауіптер төнген. Сондықтан, орталық қорғаныста Малыйдың орнына басқа ойыншыны іздеген абзал. Одан бөлек, жиынға Мұхтар Мұхтаров шақырылған еді. Бірақ Байсуфиновтың Малыйды негізгі құрамда шығарғанына қарағанда, «Ордабасының» қорғаушысы өзін толық көрсете алмаса керек.

Сол қанатта Дмитрий Шомкоға тең келер қорғаушы Қазақстан чемпионатында жоқ. «Астананың» ойыншысы қорғаныста ойнап қана қоймай, шабуылға да жиі араласып тұрады. Ал оң қанаттағы қорғаушыларымыз туралы бұлай айту қиын. Грузияға қарсы ойнаған Абзал Бейсебеков көбіне қорғаныс шебінде ғана көрінді. Сонда да грузиндер Абзал жауап беретін оң қанат арқылы жиі шабуыл ұйымдастырған. Әзірбайжанға қарсы ойнаған Елдос Ахметов та шабуылға көп араласпаған еді. Қорғаныстың оң қапталына «Қайраттың» қорғаушысы Ермек Қуантаевты ойнатуға әбден болады. Ермек қорғаушы қызметін ғана атқармай, шабуыл шебіндегі әріптестеріне жиі көмектеседі. Сонымен қатар, Бундеслигада ойнайтын Константин Энгельді де ұмытпаған жөн. Жарақатынан жақында ғана айыққан Энгель ұлттық құрамамызды күшейте алады.

Ал жартылай қорғаныста Қазақстан құрамасы үшін қиындық жоқ. Әлем чемпионатының алдағы іріктеу кезеңінде Бауыржан Исламхан, Серікжан Мұжықов, Мақсат Байжанов, Исламбек Қуат, Азат Нұрғалиев, Асхат Тағыберген, Ұлан Қонысбаев секілді жартылай қорғаушыларымыз еліміздің намысын абыроймен қорғай алады. Бұл тізімге ардагер капитан Самат Смақовты да қосуға болады. Ұлттық құрама матчтарында да, Қазақстан біріншілігінде де Самат жас ойыншылардан аз тер төгіп жүрген жоқ. Германиялық «Фортунада» ойнайтын Генрих Шмидгаль мен италиялық «Удинезеде» өнер көрсететін Александр Меркельді де тізімнен сызып тастауға болмайды.

Ал шабуыл шебінде Қазақстан құрамасының жағдайы қиындау. Өткен матчтарда Сергей Хижниченко мен Алексей Щеткин өздерін жақсы қырынан көрсете алмады. Ел біріншілігінің де басталғаны жақында, сондықтан жұлдыздай жарқырап жүрген бір шабуылшыны атап айту қиын. Чемпионатта сұрмергендік қырынан танылып жүрген шабуылшылардың көбі – легионерлер. «Астананың» шабуылшысы Таңат Нөсербаев болса, ұзақ уақытқа жарақат алды. Оның айығып, өз қалпына қайта оралуы үшін біраз уақыт керек. Биылғы маусымда екі турда екі гол соққан Игорь Зеньковичті ұлттық құрамаға шақыртуға болады. Белорусьтік форвард Қазақстан азаматтығын алғанымен, ұлттық командада әлі ресми матч өткізген жоқ.

Ресейде өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирінде еліміздің намысын қорғайтын футболшылар осылар. Енді бас бапкерді анықтау қалды. Байсуфинов жаттықтырған Қазақстан құрамасы 2016 жылды жеңіліссіз бастады, енді жеңіліссіз аяқтасын деп тілейік.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или