Байсуфиновтың басымдығы. Талғат Маруанұлы құрамаға керек пе

Байсуфиновтың басымдығы. Талғат Маруанұлы құрамаға керек пе

Кеше Қазақстан құрамасы Тбилисиде Грузияның ұлттық командасымен жолдастық кездесу өткізіп, тең тарқасты. Бұл Талғат Байсуфиновтың құрама тізгініндегі екінші матчы болатын. «PROСПОРТ» тілшісі Талғат Маруанұлының ұлттық команданың бас бапкері қызметінде қалу мүмкіндігін саралап көрді.

Бірнеше апта бұрын ұлттық құрамаға шетелдік маманды тауып үлгермеген федерация басшылары Талғат Байсуфиновты бас бапкердің қызметін орындаушы ретінде тағайындады. Расын айтқанда, Қазақстан құрамасының тізгінін отандық маманның ұстамағанына он жылдан асып кетіпті. Сондықтан, Талғат Маруанұлы үшін бұл қосымша сынақ болатын. Қазақстан құрамасы наурыздың аяғында екі жолдастық кездесу өткізіп, екеуін де абыроймен аяқтады.

Түркия астанасы Анталияда Әзірбайжанға қарсы матчпен Байсуфинов мырза ұлттық құрамадағы дебюттік ойынын өткізген. Жолдастық матч болғанына қарамастан, қазақстандық футболшылар бұл кездесуде мінезін көрсетіп, жеңісті жұлып әкетті. Сондай-ақ, команда екінші қабатта допқа таласта қарсыласынан басымырақ болды. Сондықтан, өз қақпамыздың маңында қауіптер сейіліп, қарсыластың айып алаңында баспен жиі соққы жасалды. Сонымен қатар, құрама ойыншылары қарымта шабуылға жылдам шығып үйренген. Мұны Грузияға салынған голдан анық байқауға болады. Оның үстіне, шабуылшылар да ширақ қимылдай бастады. Юрий Красножан баптағанда, ұлттық құрама өз голдарын тек стандарттық шабуылда ғана салатын еді. Ал Мақсат Байжанов пен Азат Нұрғалиевтің голдарында комбинациялық ойынның көрінісі бар. Оның үстіне, бұл жолдастық матчтарда құрамамызды күшейте алатын кейбір ойыншылардың болмағанын ескере кеткен абзал. Менің айтпағым, Бундеслигада доп тебетін Генрих Шмидгаль мен Константин Энгель, «Удинезенің» жартылай қорғаушысы Александр Меркель, тіпті, «Астананың» шабуылшысы Таңат Нөсербаев, бүгінде клубсыз жүрген Бауыржан Жолшиев те құраманы күшейте алатын еді.

Федерация басшыларына Байсуфиновке мүмкіндік берген жөн секілді. Павлодар қаласының тумасы Қазақстан чемпионатымен, жалпы, қазақ футболымен етене таныс. Еліміздегі футболшылардың мүмкіндігін, шеберлігін Талғат Маруанұлынан артық білетін бапкерлер кемде-кем.

Оның үстіне, Байсуфинов мырзаның тағайындалуы федерацияның бюджетіне де үнем болар еді. Ол шетелдік мамандар құсап миллиондап жалақы сұрамайтыны анық. Оған қоса, еліміздің жастар құрамаларында тізгінді отандық мамандар ұстады. Сондықтан, негізгі команданы да өз маманымыздың баптағаны жаман болмас еді. Шынын айтқанда, шет елдік бапкерлер көрсететін нәтижені біздің мамандар да көрсете алады.

Әрине, бұл жолдастық матчтармен Байсуфиновке нақты баға беру қиын. Бірақ ресми түрде құраманың бас бапкері болып тағайындалса, «Ақжайықтың» қазіргі жаттықтырушысы Қазақстанға бірнеше жеңісті матчтарды сыйлауы әбден мүмкін. Оның үстіне, Румыния, Польша, Черногория, Дания және Армения жиналған іріктеу тобында табысты өнер көрсету құрамамыздың қолынан келеді. Не дегенмен, 4 қыркүйекте Астанада өтетін Польшаға қарсы матчта құрамамыздың бапкері кім боларын уақыт пен федерацияның еншісіне қалдырайық.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или