Давид Лория: «Біздің құрама өз ойынын ойнаудан қорықпайтын болды»

Ұлттық құрама сапына араға бес жыл салып қайта оралған Давид Лория ProsportKz.kz тілшісіне Грузияға қарсы матчтың қалай өткендігі жайлы айтып берді.

- Давид, Грузия құрамасымен тең түскенннен кейінгі көңіл-күйіңіз қалай?

- Жақсымын. Екі матч өткізіп, біреуінде жеңіске жетіп, енді біреуінде тең түстік. Грузия құрамасының тізгінін жаңа бапкер ұстағанын, олардың өз алаңдарында ойнағанын, өте сапалы ойын өрнегін көрсететінін, футболшыларының деңгейі жоғары екендігін ескере отырып - тең есеп заңды деп ойлаймын.

- Жеңіске жетуге не кедергі болды?

- Екі құрама да жан алысқан, жан беріскен футбол көрсетті. Сырт алаңда өте мықты қарсыласпен күш сынастық. Біздің құрама жеңіске жетуге талпынып, өз ойынын көрсетуден қорықпайтын деңгейге жеткеніне қуаныштымын. Бұл ең бастысы.

- Лория – Лория текетіресі өтпеді.

- Иә, өкінішті. Мұны көп күткенмін. Бірақ тек сәттілік тілеймін.

- Бірінші таймнан кейін сізді ауыстырғанда не сезіндіңіз? Өкініш болды ма, әлде әдеттегі жағдай деп қабылдадыңыз ба?

- Біз бір-бір таймнан ойнаймыз деп келіскен болатынбыз. Құрамада үш қақпашы, бәрі де алаңға шығу керек.

- Біздің қақпамызға гол соғылғанда, сіз допты көрмегендей болдыңыз?

- Иә, алдымда футболшылар көп болды. Оның үстіне, Грузия ойыншысының соққысы жойқын болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или