«Динамо-Аренадағы» жекпе-жек. Қазақстан Грузиямен тең түсті

«Динамо-Аренадағы» жекпе-жек. Қазақстан Грузиямен тең түсті

Тбилисиде Грузия мен Қазақстан ұлттық құрамалары жолдастық кездесу өткізіп, тең тарқасты.

Бұл Талғат Байсуфиновтың ұлттық құрама тізгініндегі екінші матчы болатын. Ол оған қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс маман қарсы тұрмақ. Қазақстанға қарсы матч «Қайраттың» бұрынғы бапкері Владимир Вайсстың Грузиядағы дебюттік кездесуі болатын.

Әзірбайжанға қарсы кездесуге қарағанда, бұл ойында негізгі құрамда бірнеше айырмашылық болды – Давид Лория, Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат, Ғафуржан Сүйімбаев, Азат Нұрғалиев пен Алексей Щеткин бірінші минуттан алаңға шықты.

Матч фавориті грузиндер саналды. Сондықтан, алғашқы минуттарды алаң иелері допқа көбірек иелік етті. Бірақ ойынның басында жанкүйерлер қос команданың тарапынан анау айтарлықтай қауіпті соққылар көре қойған жоқ. Тек 13-минутта Валерий Казаишвилидің қақпа маңында жақын бұрышқа жасаған соққысын Давид Лория алып шықты.

36-минутта Байсуфинов шәкірттері қарымта шабуылды голға айналдырды. Самат Смақов сол қанатта Мұжықовқа пас қалдырды, Серікжан айып алаңына ене бере қараусыз қалған Нұрғалиевке пас қалдырды – соңғысы мүлт кетпеді. Бірақ қонақтардың қуанышы ұзаққа созылған жоқ. Екі минуттан соң грузиндер Торнике Окриашвилидің көмегімен таразы басын теңестірді – 1:1.

Үзілістен кейін Давид Лорияның орнына Владимир Плотников, Щеткиннің орнына Сергей Хижниченко шықты.

52-минутта Нұрғалиев дубль жасайтын мүмкіндігін пайдалана алмады. Алаң ортасынан айып алаңына әуелеген доп Азаттың аяғынан табылды, бірақ жартылай қорғаушының алыс бұрышқа тепкен добы нысанадан сәл қиыс кетті. Артынша, Мұжықов пен Смақов соққы жасады, дегенмен екі сәтте де доп қақпаға тура бағытталмады.

78-минутта грузин футболшылары алға шығуға жақын болды. Сергей Малыйдың қателігінен кейін Ника Качарава Плотниковпен бірге-бір шықты. Бірақ грузиялық шабуылшы біздің қақпашыдан айласын асыра алмады.

Кездесудің соңына дейін екі құрама да тоблодағы көрсеткішті өзгерте алмады. Владимир Вайсс Грузия құрамындағы дебюттік кездесуінде тең түсті. Ал Талғат Байсуфинов болса, жеңіліссіз сериясын бастады.

Грузия – Қазақстан 1:1 (1:1)

Голдар. 0:1 – Нұрғалиев 36, 1:1 – Окриашвили 38

Грузия: Ревишвили, Лобжанидзе, Кашия, Амисулашвили, Наваловски, Канкава, Абурджания, Казаишвили, Окриашвили, Ананидзе, Чантурия.

Қазақстан: Лория (Плотников 46), Бейсебеков, Логвиненко, Щеткин (Хижниченко 46), Нұрғалиев (Исламхан 80), Малый, Шомко, Қуат (Тағыберген 82), Мұжықов (Қонысбаев 64), Смақов (Байжанов 74), Сүйімбаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или