Талғат Байсұфинов: «Қорғаныста мұқият ойнап, өз мүмкіндіктерімізді пайдалануға тырысамыз»

Талғат Байсұфинов: «Қорғаныста мұқият ойнап, өз мүмкіндіктерімізді пайдалануға тырысамыз»

Футболдан Қазақстан құрамасының уақытша бас бапкері Талғат Байсұфинов Грузияға қарсы кездесуден не күтуге болатынын айтып берді.

- Әзірбайжанға қарсы кездесу жолдастық болғанына қарамастан бұл ойын сіз үшін маңызды болды ма?

- Әрине, бұл ойын тарихта қалды. Жеңіспен бастағанымызға қуаныштымын. Енді Грузияға қарсы кездесуден оң нәтиже күтеміз. Жеңіске жету үшін бар күшімізді саламыз. Ойынға тыңғылықты дайындалудамыз.

- Қазақстан құрамасы Грузияны жеңу үшін не істеуі қажет?

- Қарсылас команданы толық зерттеудеміз. Грузиялық ойыншыларды жақсы білеміз. Грузия құрамасына шақырту алған ойыншылардың 15-і шет елдік чемпионаттарда өнер көрсетеді. Бұған қоса сырт алаңда ойнаймыз. Соған қарамастан, қорғаныста мұқият ойнап, шабуылда өз мүмкіндіктерімізді пайдалануға тырысамыз.

- Грузия құрамасының ең қауіпті ойыншылары жайлы айтып бере аласыз ба?

- Біріншіден, Грузия команда ретінде мықты. Ең қауіпті ойыншысы - «Эмполиде» өнер көрсететін шабуылшы Леван Мчедлидзе.

- Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінен не күтуге болады? Топтан шығатын мүмкіндік бар ма?

- Тобымыз өте ауыр. Әрине, әр матчта тек жеңіс үшін ойнаймыз. Әрбір қарсыласымызды құрметтейміз. Әзірге бізге ең маңыздысы - Грузияға қарсы ойын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или