Бесарт Абдурахими: «Астанамен» келісімшартқа отырғаныма қуаныштымын»

«Астана» клубының қатарын бүгін ғана толықтырған македониялық футболшы Бесарт Абдурахими елордалық командадан алған алғашқы әсерімен бөлісті.

- Астана қаласына кеше ғана ұшып келдім. Бәрі жақсы. Клубтағылар маған тек жақсы жағымен көмектесуде. «Астанамен» келісімшартқа отырғаныма қуаныштымын.

- Бұрын «Астана» туралы естіп пе едің?

- Иә, әрине естіген болатынмын. Былтырғы маусымда Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткенде бақылаған едім. Сол кезде «Астана» сапында менің жақын досым Бранко Илич ойнады. Екеуміз «Хапоэль» (Тель-Авив) командасында бірге доп тепкенбіз.

- «Астана» сапындағы алдыңа қойған мақсаттар қандай?

- Командаға биік жетістіктерге жету үшін көмектесуге 100% дайынмын. Жаңа клубымның сапындағы алғашқы ойынымды асыға күтемін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или