Гафуржан Сүйімбаев: «Гол соққаннан кейін қорғанысқа баса назар аудардық»

Гафуржан Сүйімбаев: «Гол соққаннан кейін қорғанысқа баса назар аудардық»

Қазақстан құрамасы мен шымкентстік «Ордабасы» клубының қорғаушысы Гафуржан Сүйімбаев ProsportKz.kz тілшісіне Әзірбайжан құрамасына қарсы өткен жолдастық матч жайлы ойын білдірді.

- Алаңға шыққан кезде ешнәрсені ойыма алған жоқпын. Бәрі біздің жоспар бойынша келе жатыр еді. Алаңнан кім шығып, кімнің ойынға тыңнан қосылатынын алдын ала шешіп, жоспарлап қойғанбыз. Кездесудің тағдырына қарай бірнеше нұсқасын да жасап қойған едік. Гол соққаннан кейін қорғанысқа баса назар аудардық.

- Бапкерлер саған қарымта шабуылдарға шық деп нұсқау берді ме?

- Иә. Мен Шомкоға қарағанда алаң ортасына қарай жақын ойнадым. Қапталдан жасалатын шабуылдарға қосылуым керек болды.

- Сенің кездесу соңында жасаған соққың қақпа маңдайшасына тиіп, кері серпілген еді.

- Біз қорғанар кезде арнайы жоспарымыз болады. Алаң ортасына қарай ойысқанда әріптестерім маған доп берген еді. Аяғыма ыңғайлағанда қарсыласымның құлап қалғанын көрдім. Қақпаған дейін 20 метр жер болғандықтан бағымды сынадым. Сәл сәттілік жетіскенде, мүмкін гол болар ма еді.

- Бұл жолдастық кездесу болғанмен де маңызды ойындардың бірі болып есептелді. Жеңіске жетуге не себеп болды деп ойлайсың?

- Темірдей тәртіптің арқасында. Алаңда бапкердің берген тапсырмасын орындауға тырыстық. Жігіттер барынша беріліп ойнады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или