Бадави Гусейнов: «Қазақстан бірден шабуылға шығады деп күтпедік»

Әзірбайжан құрамасының қорғаушысы Бадави Гусейнов Қазақстан (0:1) құрамасына қарсы жолдастық кездесудегі жеңілістің себебін атап айтты.

«Қарсыласымыз ойынды қарқынды бастады, - деп сөзін бастады қорғаушы Sportbox.az сайтына берген сұқбатында. - Қазақтар бізді қыспаққа алып, өз алаңымыздан шығармауға тырысты. Осындай сәттің бірінде олар стандарттық жағдайдан гол соғып кетті. Дегенменде, жалпы ойын ұнады. Көптеген гол соғатын мүмкіндігімізді жіберіп алдық. Бүгінгі матчтың тағдырын жалғыз бұрыштама добы шешіп кетті десек те болады.

Шынымды айтсам, Қазақстан алғашқы минуттардан бізді қыспаққа алып, шабуылға шығады деп ойламаған едік. Алайда біртіндеп ойын басымдығын өзімізге аудара білдік. Екінші таймда бірінші нөмірмен өне көрсеттік. Алайда, гол соға алмадық. Мүмкін, бізге де бірінші минуттардан алға ұмтылу керек пе еді»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или