Қазақстан – Әзірбайжан 1:0. Байсуфиновтің Ұлттық құрама тізгініндегі ғұмыры жалғаса ма?

Ұзақ жылдан бері алғаш рет отандық бапкер тізгіндеген Ұлттық құрамамыз бүгін Түркия жерінде дайындығын бір пысықтап алды. Талғат Байсуфиновтің қол астында Қазақстан құрамасы Әзірбайжан еліне қарсы алғашқы ойынын өткізді.

Ұзақ жылдан бері алғаш рет отандық бапкер тізгіндеген Ұлттық құрамамыз бүгін Түркия жерінде дайындығын бір пысықтап алды. Талғат Байсуфиновтің қол астында Қазақстан құрамасы Әзірбайжан еліне қарсы алғашқы ойынын өткізді.

Белек қаласында өткен матчта Қазақстан мен Әзірбайжан құрамалары күш сынасты. Алдымен Талғарда жиын өткізіп, артынша Түркияға аттанған құрамамыз уақытша жаттықтыратын Талғат Байсуфиновтің баптауымен Каспий теңізінің ар жағындағы көршімізбен кездесіп, кімнің мықты екендігін анықтап көрді.

Алғашқы минуттардан біздің футболшылар территориялық та, допқа иелік етуден де басым болуды көздейтінін аңғартты. Мұжықов-Исламхан-Қонысбаев үштігі қарсылас қақпасын торауылдап жүрген Хижниченкоға допты жеткізумен болды. Негізі, біздің Ұлттық құраманың басым тұсы бар – ол стандартты жағдайды голға айналдыра білу. Екінші қабатта допты оңайшылықпен қарсыласқа бере қоймайтын футболшыларымыз 8-ші минутта есепті ашты. Бұрыштама добынан кейін Бауыржан Исламханның асырған пасына бірінші болып жеткен Мақсат Байжанов басымен қақпаның тоғыздығын дәл көздеді. Таблодағы есеп 1:0, біздің пайдамызға. Ары қарай қос құрама сәл сылбыр қимылдай бастады. Қателіктен сабақ алған болу керек, Әзірбайжан құрамасы әр қадымын ойланып жасаумен болды. Ал соғылған голдан жігерленген біздің жігіттер алаңда көсіле ойнап, қарсылас қақпашысының мазасын тағы қашырды. Серікжан Мұжықовтың дәл осы стандарттық жағдайдан есептегі басымдықты еселей түсетін мүмкіндігі болған еді, алайда оның ұрған добын Кямран Агаев оңай тосып алды. Алғашқы таймның орта тұсында қос құраманың допқа иелік етуі теңесе түсті. Шабуылсыз өрбіген он минуттықтаекі жақ қақпаға да тура соққы жасалмады. Тек бірінші кезеңнің аяқталуына бірер минуттар қалғанда Әзірбайжан құрамасының ойыншысы Стас Покатиловтың қыралығын бір тексеріп алды.

Екінші таймды Қазақстан құрамасы шабуылда қарқынды ойнаумен бастады. Бірден қарсылас қақпасының алдында лап қойған біздің футболшылардың гол соғатын мүмкіндігі болған еді. Қақпа маңында тұрған алғашқы голдың авторы Мақсат Байжанов қарбалас сәтте Кямран Агаевтың қақпасына допты бағыттаған болатын, алайда соққының әлсіздігінен әзірбайжандық қақпашы допты қағып алды. Екінші кезеңнің орта тұсында қос құрама сылбыр қимылдады. Гол соғуға қанша тырысқанымен аса бір қауіпті сәттер орын алған жоқ. Талғат Байсуфинов алаңға тыңнан ойыншыларды бірінен кейін бірін шығарып жатты. Сүйімбаев, Қуат, Досмағамбетов, Нұрғалиев, Щеткин, Тағыберген ойынға араласып, шабуылға жаңа дем берді. Кездесудің аяқталуына бірер минуттар қалғанда Сүйімбаевтың айып алаңының сыртынан бағыттаған добы қақпа маңдайшасына тиіп кері қайтты. Допқа Щеткин бірінші болып жеткенмен, оның да соққысы қақпа маңдайшасына тиіп, қырсыққандай, қақпаған кірмей қойды. Осылайша, тең өрбіген матчта Қазақстан құрамасы есептегі сәл басымдықпен жеңіске жетті.

Қазақстан – Әзірбайжан 1:0 (1:0)

Қазақстан : Покатилов, Ахметов, Логвиненко, Хижниченко (Щеткин 71), Байжанов (Қуат 60), Малый, Шомко, Исламхан (Нұрғалиев 64), Мұжықов (Сүйімбаев 76), Смақов (Тағыберген 88), Қонысбаев (Досмағамбетов 65)

Әзірбайжан : Агаев, Гараев (Абышов 74), Медведев (Мирзабеков 46), Гусейнов, Абдуллаев (Маммадов 70), Назаров, Садыгов (Саттарлы 46), Рамазанов (Тагиев 46) , Дашдемиров, Исмайлов (Алескаров 61)

Гол: Байжанов 8

Бас төреші: Али Палабыйык (Түркия)

Ескерту: Қуат 86

27 наурыз 2016 жыл. Түркия, Белек. «Глория Спортс Арена».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или