Сергей Ветров: «Жігіттер жүз пайызға беріліп ойнады»
<p style="text-align: justify;">
<strong>Қарағандылық «Шахтер» клубының ойыншысы Сергей Ветров Босния және Герцеговина құрамасын қарсы Қазақстан жастар құрамасы сапындағы алғашқы матчын өткізді. </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
— Ойынға тек бір ғана міндет жүктелді — ол жеңіске жету. Маңызды кездесуде жеңіске жетуге сәл сәттілік жетіспеді. Өз басым гол соғатын тамаша мүмкіндігімді пайдалана алмағаным үшін өкінемін. Жігіттер жүз пайызға беріліп ойнады. Дайындық жұмыстарына уақыт аз бөлінгенмен бір-бірімізді жақсы түсініп, өнер көрсеттік. Вахид Масудов көлемді жұмыс жасады. Бүкіл ойын бойы оның бізді қалай қолдағаны, бізді қалай жігерлендіріп, шабуылға шығуға итермелегендігі білініп түрді. Матчқа қолдау көрсету үшін келген жанкүйерлерге алғысым ерекше!, - дейді жас ойыншы «кеншілердің» баспасөз-қызметіне. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или