Қазақстан мен Босния және Герцеговина жастар құрамалары тең тарқасты

Қазақстан мен Босния және Герцеговина жастар құрамалары тең тарқасты

Вахид Масудов баптайын Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі бесінші матчын Астана қаласында Босния және Герцеговина құрамасына қарсы өткізді. Қос құрама арасындағы екінші ойында қақпа кілті табылмады.

Ойын бастала салысымен, алаң иелері қарсыластарына допты көп ұстатпауға, шабуылға барынша шығармауға тырысып бақты. Вахид Масудовтың шәкірттері бұл матчқа тек жеңіске жету үшін шыққандығын бірден аңғартты. Өйткені, осы ойында алатын үш ұпай Еуропа біріншілігінің жолдамасы үшін ары қарай таласуға мүмкіндік беретін еді. Алғаш болып қақпаға тура соққыны Босния және Герцеговина құрамасының ойыншысы Армин Ходжич жасады. Бұған жауап ретінде Ветров қарсылас қақпашысының қыралығын сынап көрді. Бұдан кейін Еркебұлан Тұңғышбаевтың қақпаға бағыттан добын  Пирич тосып алған болатын.

Екінші таймда ойын өзгере қойған жоқ. Қос құрама қанша шабуылдағанмен бір-бірінің қақпаларынан саңылау таба алмады. Еркебұлан Тұңғышбаев пен Максим Федин екінші кезеңде ерекше белсенділігімен көзге түсті. Алайда футболшыларымызға сәттілік жолдас болмады. Матчтың аяқталуына он минут қалғанда алаңға тыңнан кірген Георгий Макаев дөрекі ойнағаны үшін қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Осылайша, тең аяқталған кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан жастар құрамасы 4 ұпаймен бесінші сатыға жайғасты.

Қазақстан U-21 – Босния және Герцеговина U-21 0:0 (0:0)

Қазақстан U-21: Павлов, Рудосельский, Сартаков, Түлиев, Воменко (Күлбеков 83), Федин (Макаев 76), Тұңғышбаев, Шайыхов, Куксин, Ветров, Вороговский (Антипов 68)

Босния және Герцеговина U-21: Пирич, Чивич, Саничанин, Йовичич, Мемия, Ходжич Ар. Черимагич, Милошевич (Гояк 67), Хаджиахметович, Реджич, Попович (Говедарица 90)

Төрешілер: Сурен Балиян, Месроп Газарян, Эрик Аревшатян (бәрі-Армения)
Ескертулер: Куксин 32, Мемия 38, Хаджиахметович 41, Рудосельский 57, Гояк 67, Ветров 69, Саничанин 69, Макаев 81 (алаңнан қуылды), Чивич 81, Ходжич 87

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или