Вахид Масудов: «Шаубыл шебіндегі ойыншылардың барлығы ауысады»

Бүгін футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы 2017 жылғы Еуропа чемпионаты аясында Босния және Герцеговинамен кездеседі.

BNews.kz ақпараттық порталының хабарлауынша, осы ойынның алдында Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Вахид Масудов баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистердің сұрағына жауап берген еді.

– Бүгінгі кездесу өте қызықты болады деп ойлаймын. Қарсылас команданың деңгейі өте жоғары. Барлығы Еуропаның белді клубтарында өнер көрсетеді. Бірақ біз бұл матчқа тыңғылықты дайындалдық. Қарымды қарсылық көрсетеміз деп ойлаймын.

– Босния жастарының мықты және әлсіз тұстарын айта аласыз ба?

– Олар футболды қалай ойнау керегін біледі. Барлығы үздік командаларда өнер көрсетеді. Алайда қарсылас команданың орталық алаңында кемшілік бар. Орталық екі қорғаушысы аса жылдам емес. Сондықтан біз бұл мүмкіндікті пайдалануға тырысамыз. Дайындап жатқан тосын сыйымыз бар.

– Команданың көңіл-күйі қалай?

– Команданың көңіл-күйі өте жақсы. Барлығы дайындық үстінде. Жаттығуға қатысты тағатын айыбым жоқ. Бізді қиын қарсылас күтіп тұр. Алайда үш ұпай алу үшін қолдан келгеннің барлығын жасайтын боламыз.

– Команданың тактикасы қандай болмақ?

– Бізге әзірге қорғаныста ойнаған тиімді. Дегенмен қарымта шабуылға қалай шығу керектігін ойластырып жатырмыз.

– «Ақтөбе» командасының ойыншылары Жалмұқан мен Айымбетовтің функционалдық дайындығына қатысты не айтасыз?

– Абат үш ай бойы команда сапында болмағандықтан, аздап қиындық болуы мүмкін. Медициналық тексерістен өтті, аса қауіпті жарақаты жоқ екені анықталды. Ал Дидарға келетін болсақ, чемпионаттағы «лимитші» статусының алынып тасталуына байланысты ол негізгі құрамдағы орнын жоғалтып алды. Сондықтан былтырғы деңгейімен салыстыруға келмейді. Өкінішке қарай, Әлішер Сүлей мен Абзал Таубай да жарақаттарына байланысты командаға көмектесе алмайды. Сол себепті шаубыл шебіндегі ойыншылардың барлығы ауысады.

Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы осы уақытқа дейін үш ойын өткізіп, оның екеуінде жеңіліп қалған еді. Тек алғашқы ойында дәл осы Босния жастарын сырт алаңда жеңген. Енді алда үш ойын бар.

Қазақстан мен Босния және Герцеговина кездесуі Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или