Месси ойын кезінде «Реал» жанкүйерінің қолын сындырды

«Вильярреал» мен мадридтік «Реал» жанкүйері Ракел Тахуэло ойын кезінде Месси тепкен доптан жарақат алды. Аргентиналық сұрмергеннің жойқын соққысынан кейін жанкүйердің қолы сынған.

Оқиға «Вильярреал» мен «Барселона» арасындағы ойында болды. Асқан жылдамдықпен келе жатқан допты қайтарған Ракел Тахуэло қолы сынғанын ойын аяқталғасын сезінген.

- Мен «Реал» жанкүйерімін. Мессиді осыған дейін ұнатпағанмын, енді мына оқиғадан кейін тіпті де ұнатпайтын боламын. Көзіме күн түсіп, доптың қалай келіп қалғанын аңғармай қалдым. Сонда қолымды тосып үлгердім. Басында қолым қақ бөлініп қалған шығар деп ойлаған едім. Ойын соңынан «Барселона» басшылығы менімен байланысқа шығып, көмек қолын созуға дайын екенін хабарлады. Мен енді олардан «Реал» мен «Барселона» арасында өтетін ойынға билет сұрайтын шығармын, - деді испан басылымдарына берген сұқбатында.

massaget.kz сайтынан*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или