Қазақстан құрамасы Түркияға аттанды

Әзірбайжанға қарсы жолдастық матч өткізу үшін Қазақстан құрамасы бүгін таңертең Түркияға аттанды, деп хабарлайды kff.kz.

Қазақстан чемпионатының екінші туры аяқталғаннан кейін Ұлттық құрамаға шақырту алған ойыншылар Талғардағы базаға жиналып, алдағы Әзірбайжан мен Грузия құрамаларына қарсы жолдастық кездесулерге дайындықтарын бастады. Аталмыш ойындарға Қазақстан құрамасын Талғат Байсұфинов, Нұркен Мәзбаев пен Юрий Новиков дайындайды.

Анталияға аттанған ойыншылар:

Қақпашылар: Давид Лория («Ертіс»), Стас Покатилов («Ростов», Ресей), Владимир Плотников («Қайрат»).

Қорғаушылар: Гафуржан Суюмбаев («Ордабасы»), Дмитрий Шомко («Астана»), Юрий Логвиненко («Астана»), Елдос Ахметов («Ертіс»), Сергей Малый («Ертіс»), Мухтар Мухтаров («Ордабасы»), Ермек Қуантаев («Қайрат»), Абзал Бейсебеков («Астана»).

Жартылай қорғаушылар: Самат Смақов («Ақтөбе»), Серікжан Мұжықов («Астана»), Жақып Қожамберді («Оқжетпес»), Исламбек Қуат («Қайрат»), Асхат Тағыберген («Астана»), Мақсат Байжанов («Шахтер»), Ұлан Қоңысбаев («Атырау»), Тимур Досмағамбетов («Тобыл»), Бауыржан Исламхан («Қайрат»), Азат Нұрғалиев («Ордабасы»).

Шабуылшылар: Алексей Щеткин («Астана»), Сергей Хижниченко («Тобыл»).

Естеріңізге сала кетсек, наурыздың 26-ы Түркияда Қазақстан құрамасы Әзірбайжанмен кездессе, 29-ы Тбилисде Грузия құрамасымен күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или