Эдин Юнузович: «Астанаға» қарсы жақсы ойнадық»

Шымкенттік «Ордабасының» шабуылшысы Эдин Юнузович ProsportKz.kz тілшісіне Бақтияр Байсейітовтің неліктен алаңға шыққанын және Сергей Бойченконың жіберген қатесі жайлы айтып берді.

- Симчевичтің автоголы мен Бойченконың қатесі ойын тағдырын шешті деп ойлаймын. Футболда түрлі жағдайлар болады. Біз жақсы ойнадық. Гол соғатын мүмкіндіктеріміз көп болды, «Астана» екінші таймда бізге бірде-бір қауіпті соққы жасаған жоқ.

- Неліктен Байсейітов алаңға жүгеріп шықты?

- Маған ереже бұзған сәтте төрешінің үндімегеніне наразы болған Бахтияр Байсейітов алаңға жүгіріп шықты. Сондай-ақ, қапталдағы төреші екі рет жоқ жерден офсайд тіркеді.

- Шымкенттік клубтың жанкүйерлері қайтадан алаңға бос бөтелкелер лақтырды... Бақылау-тәртіп сақтау комитеті мұны жазалайтыны анық.

- Әрине, жанкүйерлердің мұндай әрекеттеріне біз алаңдаймыз. Клуб үшін бұл жаман аяқталу мүмкін. БТСК жазаласа жазалайтын шығар. Ойынға келіп қолдау көрсеткен барша жанкүйерлерге алғыс айтамын.

- Бастапқы екі турда екі гол соқтың. ҚПЛ-2016-ның үздік бомбардирі болғың келеді ме?

- Әр шабуылшы өз алдына сондай мақсат қояды. Көп гол соғуға тырысамын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или