Роджер Каньяс: «Бір бүйрекпен жүрсем де, екі бүйрегі барлардан артықпын»

Роджер Каньяс: «Бір бүйрекпен жүрсем де, екі бүйрегі барлардан артықпын»

ProsportKz.kz сайтының нұсқасы бойынша ҚПЛ-2015-тің үздік ойыншысы атанған «Астананың» колумбиялық футболшысы Роджер Каньяс біздің тілшімізге эксклюзивті сұхбат берді.

– Сіздің есіміңіз Рохер ма әлде Роджер ма?

– Испан тілінде менің есімім «Рохер» деп оқылады, ал дұрысы – «Роджер». Жалпы мен үшін бұл аса маңызды емес.

– Жарайды, Роджер. Сізге Қазақстан Суперкубогы алдында ProsportKZ.kz атынан «ҚПЛ-2015-тің үздік ойыншысы» сыйлығы берілді. Бұл сіз үшін бірінші жеке сыйлық болды ма?

- Шын айтсам, бұл менің бірінші мұндай сыйлығым. Бұл сыйлықты алғаныма өте қуаныштымын.

– Есесіне, командалық жетістіктеріңіз көп сияқты…

– Алғашқы медальді 2009-шы жылы Медельинеде иелендім. «Индепендьенте Медельин» сабында Колумбия чемпионы атандым. Содан соң, қарағандылық «Шахтер» мен «Астана» сабында Қазақстан біріншілігін жеңдім.

«Менің жалғыз тұмарым – бұл менің отбасым»

– Демек, сіз ойнаған командалар міндетті түрде ел чемпионы атанады. Өзіңізді сәттілік әкелетін жігітпін деп санайсыз ба?

– Құдайға шүкір, мен шебер футболшылармен бірге ойнадым. Ұйымшылдықтың арқасында осындай нәтижелерге жеттік. Жеңістің себебі осында. Өзімді «сәттілік тұмарымын» деп санаймын.

– Бірақ сәттілік үнемі сізбен берге сияқты?

– Мен сәттілік дегенге сенбеймін. Жеңіс тек көп еңбек еткен адамдарға келеді. Егерде, сен көп еңбек етсең, онда міндетті түрде жеңіске жетесің.

– Сіз ырымдарға сенесіз бе?

– Менің жалғыз тұмарым – бұл менің отбасым.

«Польшада жабылған есік, Қазақстанда ашылды»

– Былтырғы маусымды сіз әлсіз бастадыңыз, бұған не себеп болды деп ойлайсыз?

– Менің ойымша, мен әлсіз ойнаған жоқпын. Біз арманымызды орындадық – УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықтық. Біздің ортақ мақсат орындалды.

– Қазақстаннан өзге сіз Латвия, Ресей мен Польшада өнер көрсеттіңіз. Бірақ бағыңыз біздің елімізде жанды. Неліктен?

– Польшада жабылған есік, Қазақстанда ашылды. Польшада мен төрт ай ойнамадым. «Шахтерге» ауысқанымда маған мүмкіндік берілді. Қарағандылық клуб арқасында өзімді көрсете алдым. Маған көмек көрсеткен барлық футболшыларға алғыс айтамын. Сол ойыншылардың көмегімен өз деңгейімді көтердім. Қазақстан маған мүмкіндік берді, сондықтан да мен осында ары  қарайда да ойнап жүрмін.

– Бұған себеп, Қазақстан чемпионатының әлсіз болуы ма әлде сіздің деңгейіңіз өсті ме?

– Әрине, бұған себеп мені қоршаған жоғары деңгейлі футболшылар. Қазақстанда ұзақ уақыт ойнағандықтан, менің де мұнда деңгейім өсті. «Астана» - менің екінші қазақстандық клубым. Егерде, қоршаған адамдар саған үнемі қолдау көрсетіп жүрсе, онда міндетті түрде сенің де деңгейін өседі.

– Бапкер сенім артқанда жігерлене түстің бе?

– Әлбетте. Виктор Балютұлы Кумыков маған үнемі көмектесетін. Бұл менің футболшы ретінде өсуіме көп ықпал етті. Қазір менде жаңа бапкер. Олда маған сенім артуда. Станимир Стойлов бұрын футболшы болғандықтан, өз ойыншыларын жақсы түсінеді.

– Былтыр сіз басқа чемпионатқа ауысуға жақын болдыңыз...

– Иә, түрлі еуропалық клубтардан ұсыныстар түсті. Бірақ маған Қазақстанда ойнаған ұнайды. Былтыр «Астанамен» жеткен жетістігіміз, осында қалуға себеп болды. Ұсыныстар болды, бірақ мен бас тарттым. Биыл бұдан да жоғары нәтиже көрсетеміз деген ойдамын.

– Станимир Стойлов сізді жіберуге дайын болды ма?

– Нақты ұсыныс түспеді. Бәлкім, Станимир Стойлов бұл туралы білген де жоқ.

«Кумыков өз жұмысына берілген, нағыз еңбекқор маман»

– Қай лигалардың командалары сізге қызығушылық танытты?

– Испанияның «Ла Лигасы» мен Португалия чемпионаты.

– Израиль?

– Иә, Израильдік клубтар да қызықты.

– Кумыков, сізді Қазақстанға шақырған алғашқы бапкер ме?

– Иә, дәл солай.

– Сіздің ол туралы алғашқы ойыңыз қандай болды?

– Польша чемпионатында ұзақ уақыт бойы ойнамағандықтан мені Түркияға жиынға шақырды. Бір апта мерзімде байқаудан өттім. Есімде, жолдастық кездесуде 10:1 есебімен жеңіске жеттік. Сол кезде мен 3-4 гол соқтым. Бұл менің трансферіме әсерін тигізді деп ойлаймын. Кумыков өз жұмысына берілген, еңбекқор маман. Өз ойын не болса да жүзеге асыратын бапкер.

«Бұрын футболшы болған бапкерлер өз ойыншыларын жақсы түсінеді»

– Виктор Кумыков Станимир Стойловқа ұқсайды ма?

– Жоқ, екеуі әртүрлі адам. Екеуінің айырмашылығы, Станимир бұрын футболшы болғандықтан, өз ойыншыларын жақсы түсінеді. Кумыков футболмен айналасқан жоқ, ол тек бапкерлік етті. Стойлов пен Кумыковтың футболға көзқарасы әртүрлі.

– Жозе Моуриньода футболмен айналыспаған, оның да футболға көзқарасы басқаша ма?

– Мен Моуриньомен жеке таныс емеспін. Сондықтан ол туралы ештеңе айта алмаймын. Мәселен, бапкердің қайсысы мықты, қайсысы әлсіз де емес. Станимир бұрын футболшы болған соң өз ойыншыларын жақсы түсінеді. Әркімнің футболға көзқарасы әртүрлі. Жалпы, бұрын футболшы болған бапкерлер өз ойыншыларын жақсы түсінеді деп ойлаймын.

– Сіз кезінде италиялық «Кьевоға» ауысуға жақын болдыңыз. Не себепті бұл трансфер орындалмады?

– Колумбия чемпионаты аяқталған соң, менің агентім мені Италияға шақырды. Бірден келісімшартқа отыратын жақсы мүмкіндік бар деді. Италияға барған соң, келісімге отыра алмадым. Бірнеше апта бойы досымның үйінде тұрдым. Бір апта «Удинезеде» жаттықтым. Италияда басқа бір агентпен танысып,  оның көмегімен Латвияға бет бұрдым.

– Роджер, сіз сұхбатты тек испан тілінде бересіз, өзге тілде сөйлеуге қорқасыз ба?

– Басқа тілдерді әлсіз білгендіктен сұхбатты тек испан тілінде беремін. Орыс пен ағылшын тілін жақсы игерген соң, аталмыш тілдерде сұхбат бере бастаймын.

– Таксишілер мұны пайдаланған жоқ па?

– Иә. Астанаға ұшып келген соң, таксишіге Marriott қонақ-үйіне дейін апаруды сұрадым. Ол маған: «жиырма мың» деді. Доллар емес теңге (күледі). Екіншісіне барсам «15 мың» деді. Мен оған «Астанада бірінші рет жүрмін деп ойлайсың ба?» дедім. Кейін, үшінші таксиші келіп бес мың теңгеге апарамын деді. Екінші таксишінің көзінше «Иә, кеттік» деп айқалап жібердім. Негізінде, әуежайдан қонақ-үйге дейін 3 мың теңгеге жетемін.

«Қой сойған сәтте мен таң қалдым, бірақ ештеңе деген жопқын. Әр елдің дәстүрін құрметтеу қажет»

– Фокси Кетевоаманың Қазақстаннан кетуі жайлы ақпаратты қалай қабылдадыңыз?

– Өте ауыр. Ол менің Қазақстандағы ең жақын досым болды. Бос уақытты үнемі бірге өткізетінбіз.

– Жасыл алаңда ше?

– Жасыл алаңда да бір-бірімізді өте жақсы түсінетінбіз.

–Бос уақытында не істейтін едіңіздер?

– Бір жерге тамақтануға шығатынбыз. «Астананың» барлық футболшыларының Marrone Rosso деген сүйікті кафесі бар. Бос уақытты көбінде сол жерде өткіземіз. Былтыр бұл жерге Sony Playstation орнатып, күн сайын FIFA ойнайтынбыз.

– «Шахтер»-«Селтик» ойын алдындағы қазақстандықтардың қойды құрбанға шалуы барша әлемді таң қалдырған болатын. Өзіңіз қазақтың дәстүріне үйрендіңіз бе?

– Көп нәрсе мені таң қалдырады, өйткені Колумбия мен Қазақстанның мәдиниеті әртүрлі. Бірақ қай елде тұрып жатсаң, сол елдің дәстүрін құрметтеу қажет. Құрбан шалу кезінде мен болдым, таң қалдым, бірақ ештеңе деген жоқпын.

– Еурокубоктар жайлы айтатын болсақ, соңғы кездері қазақстандық клубтар Еуропада жақсы өнер көрсетуде. Бұл кездейсоқ па әлде заңдылық па?

– Жыл сайын Қазақ футболы дамып келеді. Бұны «Қайрат» пен «Астананың» нәтижелерінен байқауға болады. Ең алдымен адам психологиялық тұрғыда өзін өзгерту қажет. «Астананың» биыл да Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығады деп уәде бере алмаймын. Барлығы іріктеу кезеңіндегі қарсыластарға байланысты болады.

– Қашан «Астана» жыл сайын еурокубоктардың іріктеу кезеңдерінен сәтті өтіп, топтық кезеңдерде өнер көрсете бастайды? Бұл үшін не істеу қажет?

– Бұл сұраққа жауап беру қиын. Себебі, «Астана» былтыр өз тарихында бірінші рет топтық кезеңге шықты. Егерде бәрі аянбай тер төксе, онда нәтиже де шығады. «Астана» Еуропадағы жолын енді-енді бастап келе жатыр. Бұл команданың болашағы зор.

– Бір бүйрегіңіздің жоқ болуы «Шахтерден» «Металлургқа» ауысуыңызға кедергі болды. Жалғыз бүйрекпен ойнау деңсаулыққа зиян емес пе?

– Бәрі құдайдың қолында. Бір бүйрекпен жүрсем де, екі бүйрегі барлардан артықпын. Колумбияда бала кезімде таудан құлап, бүйрегіме ота жасалған болатын. Бірақ менің бүйрегім толығымен емес, жартылай кесілді. Есесіне, екінші бүйрегім үлкен (күледі).

– Егерде шетелдік клубтардан жақсы ұсыныс түсіп жатса, қай лигада ойнағыңыз келеді?

– Испанияның Ла Лигасы ұнайды.

– Қай клуб?

– Білмеймін.

– «Реал» немесе «Барселона»?

– Маған «Реал Мадрид» ұнайды.

– Сенің жақын досын - «Ювентустің» ойыншысы Хуан Куадрадо. Ол Қазақстанға келіп, «Астанаға» қолдау көрсетуі мүмкін бе?

– Меніңше, бұл қиын болмақ. Ол «Ювентустен» өзге Колумбия құрамасында ойнайды ғой. Уақыты жоқ. Егерде бос уақыты болып жатса, міндетті түрде оны Астанаға шақырамын.

– Бала кезден бірге өсіп келдіңіз бе?

– Бала кезден доспыз. Мен Италияда болған кезімде, сол Куадрадоның үйінде тұрдым. Ол менің жақын досым. Үнемі хабарласып жүреміз. «Шахтерде» менің тағы бір досым Алдин Джидич ойнады. Ол «Ювентустің» жанкүйері. Джидич маған Куадрадоға звондап, оның жейдесін сұратқызды.

«Футбол мені бар жамандықтан сақтады»

– Италияның А сериясы әлемдегі ең мықты чемпионаттардың бірі. Куадрадоның көмегімен Италияға кетуіңіз мүмкін бе?

– Әрине, мұндай мүмкіндік бар. Бірақ әзірше нақты ұсыныстар болған жоқ.

– Колумбия құрамасында сіздің амплуаңызды кім ойнайды?

– «Интерде» ойнаған Фреди Гуарин, қазір ол Қытайда жүр. Қазіргі таңда, менің алаңдағы қарсыластарым Колумбияда ойнауда. Олар үнемі бапкердің көз алдында. Мені бапкер тек Чемпиондар лигасының ойынында ғана көре алады.

– Колумбия құрамасына іліну қиын екенін түсінесіз бе?

– Мүмкіндік аз, бірақ көрерміз.

– Ұлттық құрамаға іліну үшін бәлкім сізге Колумбияға оралуға қажет шығар, бұл туралы ойладыңыз ба?

– Бұл туралы үнемі ойланамын. Жалақының тең жартысынан айырылсам да,  өз арманымды орындауым мүмкін. Бірақ бұның өзінде де бапкердің мені шақыру-шақырмауы белгісіз. Бәрін уақыт көрсетеді. Егерде бұйырып жатса, мені Ұлттық құрамаға шақырады.

– Соңғы сұрақ. Сіздің отбасыңызда спортшылар болмады. Футбол болмаса, кім болар едіңіз? Мүмкін, есірткі бизнесімен айналысар едіңіз?

– Жоқ (күледі). Менің әкем кәсіпқой футболшы болмады, бірақ ол футболды қатты жақсы көретін. Мені үнемі ойындарға апаратын. Менің достарым көп: кейбіреуі футболда қалса, басқалары білім алып, жұмыс істеуде. Егерде спортта болашағын болса, бұл мүмкіндікті ойланбастан пайдалану керек. Өйткені, дала саған еш пайда бермейді. Мен қайырымсыз, зорлық жиі кездесетін жерде тудым. Футбол мені бар жамандықтан сақтап қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или