«PROСПОРТ» тілшілері БАҚ өкілдері арасындағы жарыста топ жарды
<div style="text-align: justify;">
<strong>Бүгін Алматы қаласындағы Орталық стадионның қосалқы алаңында «Қайрат» клубының ардагері, КСРО мен Қазақстан комментаторы Диас Омаровтың жүлдесі үшін БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан жарыс өтті.</strong></div>
<p style="text-align: justify;">
Жарыс алдында «Қайраттың» спорт-барында Сейділдә Байшақов, Диас Омаров және Қажымқан Мәсімовтің қатысуымен баспасөз-мәслихаты өтті. Турнирге қатысуға 10 команда ниет білдірген. Барлық ұжымдар бес-бестен екі топқа бөлінді. Қос топтан жартылай финалға төрт команда өтті. Олар: «Караван», «KAZKOM», «Алматы» және «PROСПОРТ». 1/2 финалда «Караван» мен «KAZKOM» сүрініп, үшінші орын үшін таласты. Қола медальді «Караван» ұжымы қанжығалады. Ақтық кезеңде «Алматы» мен «PROСПОРТ» командалары кім мықтыны анықтады. Тартысты өткен ойында біздің сайттың тілшілері 3:1 есебімен жеңіске жетті. </p>
<p style="text-align: center;">
<img alt="" src="/cms/uploads/images/Tlkx-Nep8UI(2).jpg" style="width: 600px; height: 450px;" /></p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или