Кирилл Шестаков: «Ақтөбенің» үздік алтылыққа енуге шамасы жетеді»

Жақында ғана «Оқжетпестен» «Ақтөбеге» ауысқан Кирилл Шестаков ProsportKz.kz тілшісіне өзінің жаңа клубы жайлы айтып берді.

– «Оқжетпеспен» оқу-жаттығу жиынында жүргенімде «Ақтөбеден» ұсыныс түсті. Ақтөбелік клубтың директоры Дмитрий Васильевпен сөйлесіп, өз келісімімді бердім. «Ордабасы» – «Ақтөбе» матчында мен тізімге ендім, бірақ алаңға шыққан жоқпын. Ешқандай жарақатым жоқ, маусымға толықтай дайынмын. Бізге берілген пенальтиде ереже бұзылмады, біздің ойыншы ережеге сәйкес, таза ойнады деп ойлаймын. Әрине, жеңілгеніміз өкінішті. Екінші турда «Таразды» ұтып, жанкүйерлерімізді қуантамыз деген ойдамын. Бізге ұпай жинау қажет, сондықтан бар күшімізді саламыз. «Тараз» - жергілікті ойыншылар мен тәжірибелі легионерлерден жасақталған мықты ұжым. ҚПЛ-дің үздік алты командасының қатарына енуге шамамыз жетеді. Бізде жас ойыншылар көп, командада тек үш ойыншының жасы 30-дан асқан: мен, Азовский және Смақов. Бұйыртса, бәрі жақсы болады, – деді Кирилл Шестаков ProsportKz.kz сайтына.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или