Александр Бородюк: «Анам әрқашан айтып жүретін: «ақымақтардан аулақ бол»

«Қайраттың» жаңа бас бапкері Александр Бородюк ProsportKz.kz порталына берген эксклюзивті сұхбатында ауыр балалық шағы жайлы, Ресей құрамасының ЕУРО-2008 турнирінде сәтті өнер көрсету себебін, қалай жұмысқа орналасқанын, сондай-ақ, «халық командасында» қайта құрылыс болар-болмасын айтып берді.

– Александр Гейнрихович, сізді әріптестеріңіз бен журналистер демократияшыл, сонымен қатар, либералды бапкер ретінде айтады. Сіз Ресей құрамасында бірге жұмыс жасаған Гус Хиддинк те биязы бапкер ретінде танылған. Бірақ 2008 жылы сіздер ЕУРО-да «қола» алған кезде біреудің қатал болуы қажет еді ғой.

– Жоқ, қаталдық танытқанымыз жоқ (күліп). 2008 жылы Ресей құрамасында өз ісіне кәсіби көзқараспен қарайтын жоғары деңгейлі ойыншылар болатын. Ол өте тату ұжым еді. Сол кезде командада тұнып тұрған атмосфераға қарап сол уақыттағы Ресей құрамасының тарихтағы ең үздігі болды деп ойлаймын. Бапкерлік штаб пен ойыншылардың еңбексүйгіштігі мен өзара түсіністігі арқасында осындай нәтижеге қол жеткіздік.

– Бірақ тәртіпті бақылап тұру керек қой. Өз ойыншыларын уысында ұстайтын бапкерлер бар. Мысал ретінде алысқа барудың қажеті жоқ – алматылық «Қайратта» сіздің алдыңызда болған бапкер ойыншылармен дөрекі болды.

– Түсінемін. Бірақ қашан да кез келген нәрсенінің қандай да бір орта белі болады ғой. Қай кезде демократияның қажеттілігін, қай кезде дөрекі болудың уақытын түсіну керек. Бапкерлік қызметте былай айтады: алаңда ойнап жүретін 11 адам бар және қосалқы құрамда отырып, саған басқаша қарайтын адам болады. Команданың не екенін, нәтиженің маңыздылығын түсінетін футболшылар болады, сондай-ақ, футболды емес, футболдағы өзін сүйетін адамдар болады. Құрамға қоймадың ба – ренжиді, пас бермедің ба – ренжиді. Бұл ақыл-парасат, IQ-ге байланысты. Ондайлармен жұмыс жасау, әрине, қиын, сондықтан олармен дөрекі болу қажет.

– Егер футболшы мінезін көрсетсе, қандай әрекетке барасыз?

– Футболшы өз мінезін алаңда көрсетуі қажет. Егер ол алаңда үздік болса, мінезін көрсете берсін. Ал егер ол ойында ештеңе көрсете алмай, артынша ренжіп, жаттығуларда менмендігін көрсетсе, қосалқы құрамға отырсын да, ренжи берсін. Яғни, әр адам футболда орнын ауыстыра алатын басқа адамның бар екенін түсіну қажет. Әрине, матчтың тағдырын жалғыз шеше алатын ойыншылар бар. «Барселонада» бұлар Месси, Неймар және Суарес – қара жұмыстан босатылған футболшылар, бірақ олар гол салып, жеңіс әкеліп жүр. Мұндай футболшыларды қалай құрметтемеуге болады? Мен мысал ретінде айта кетейін, Дани Алвес өз «Твиттерінде» футболдың өзара сыйластықтан құрылатынын жазған. Алаңда жүргенде қосалқы құрамда қалғандарды сыйлауың қажет, қосалқы құрамда отырғанда алаңда жүргендерді сыйлауың қажет. Команданы жоғары деңгейде ұстап тұратын селбесу деген осы. Бұл, сөзсіз, балалық шақта, балалар мектебінде қалыптасуы керек. Бәрі ойлағандай оңай емес қой, 20 адам – бұл 20 түрлі мінез.

«Болашақта бүкіл елде жақсы стадиондар мен алаңдардың болатынына күмәнім жоқ»

– «Қайраттағы» балалардың сабақтарына қатыстыңыз ба?

– Олардың қалай жаттығатынын көрдім. Қосалқы құраммен ойнағанбыз, дубльдік команданың бапкерлерімен байланысып тұрамыз. Ең маңыздысы – талантты баланы табу, бірақ менің айтқанымдай, талант – бұл тек іргетас қана. Барлығы бұл баланың қалай жұмыс жасайтынына, ойынды қалай түсінетініне және футболды жақсы көретініне байланысты.

– 2009 жылы «Спорт-Экспресске» берген сұхбатыңызда Андрей Аршавинмен жанжалдасқаныңыз шындыққа жанаспайтынын айтқан болатынсыз...

– Иә. Бұның бәрі өтірік ақпараттар, олар қалай қаласа, солай айналдыра салады. Мен үлкен құрметпен қарайтын парасатты журналистер бар, сонымен қатар, мезеттік пиарды ғана іздейтіндер бар. Ал Мариборде өткен ойыннан кейін айтылған сөздерге келсек, бұл жәй ғана әсермен шыққан сөздер... 2012 жылы Еуропа чемпионатында да солай болған, ол кезде бір депутат Аршавинмен әңгімесі түсірілген видеоны ғаламторға салып жіберді – бұл деген таза пиар ғой. Бұл депутатты ешкім де танымайды, ал Аршавинді жарты Еуропа таниды. Пиарды басқа кіммен жасау керек (күліп)?! Аршавинмен ара қатынасым жақсы, ол Ресей құрамасы үшін көп нәрсе жасады.

– Бірнеше жыл өткен соң, Мариборде өткен оқиғаны қалай түсіндіресіз? Жазатайым оқиға ма?

– Мәскеуде өткен бірінші матчтың соңында ойынды бақылаудан шығарып алғанымыздан болар. Есеп 2:0 болғанда, өзімізге сенімдірек болар едік. Барлығы бірінші кездесуде шешіліп тасталған шығар.

– Қазақстандықтардың менталитеті туралы не айта аласыз?

– Бұл туралы бір нәрсе айтуға ерте. Бірақ мен ақ пейілді, әрқашан күліп жүретін және өте биязы адамдарды көп көремін.

– Егер мансабыңыздағы үзіліс бір жарым жылға созыларын білсеңіз, 2014 жылы «Торпедодан» кетер ме едіңіз?

– «Торпедомен» болған оқиға – бұл клубтың ішіндегі істер, ол туралы айтқым келмейді. Ал менің үзілісіме келер болсақ, әр түрлі командалардан ұсыныстар түсіп жатты. Оларды айтпай-ақ қояйын. Себебі келісім-шартқа отырған жоқпын. Бірақ бұл ұсыныстар бойынша сөйлесе бастағанымда, қиын жағдайда қалып қоюым мүмкін екенін ұқтым. Яғни, маған ұнайтын ұсыныстарды таппадым. Халыққа айтылмайтын сәттер болды.

– Бірақ «Қайраттың» ұсынысын қабылдадыңыз. Не себепті?

– «Қайрат» - бұл бренд, ол КСРО кезінде де танымал болды, мен де өз кезімде «Қайратқа» қарсы ойнадым. Бұл команданы бренд деп атауға болады, себебі «Қайратты» Ресей мен бұрынғы Кеңес Одағының елдері ғана емес, Еуропада да жақсы біледі. Қазір «Қайратта» барлық жағдай жасалған.

– Бұл туралы біреумен ақылдастыңыз ба?

– Жоқ, шешімді тек өзім қабылдап үйреніп қалғанмын, кейін тек өзіме ғана ренжи алуым үшін. Немесе, өзім үшін қуаным үшін.

– Сіздің командаңызға нашар алаңдарда ойнауға тура келеді – қазақстандық футболда инфрақұрылым мәселесі шешілмей тұр. Сізді осы жөнінде ескертіп қойды ма? Жалпы, Қазақстаннан келген ұсынысқа ойналар кезде бұл сіз үшін маңызды болды ма?

– Әрине, біздің жігіттер мен олардың денсаулығы үшін қатты алаңдаймын. Инфрақұрылымның жоғары деңгейде болғанын қалар едім. Бірақ бүгінде Қазақстанда спортты дамыту бағыты мақтауға тұрарлық. Шынымды айтсам, осында, Алматыда спортқа көп көңіл бөлініп жатқаны көрініп тұр. Сондықтан, болашақта бүкіл елде жақсы стадиондар мен алаңдар болатынына күмәнданбаймын.

«Бапкер өз ойыншыларының барлық мүмкіндіктерін толығымен біле алмайды – кейде ойыншылар таңқалдырып, басқаша ойнап жатады»

– Менің айтқым келгені, нашар алаңдарда комбинациялық футбол көрсету қиынға соғады.

– Толығымен келісемін. Нашар алаңдар жақсы футболшылардан жасақталып, комбинациялық футбол ойнай алатын командалардың мүмкіндігін жойып жібереді. Жаман алаңдарда өз шеберлігіңді көрсете алмайсың.

– Сіз үшін команда алаң мен ауа-райына бейімделуі үшін қонақтағы матчтарға екі-үш күн барып алу маңызды ма?

– Ертерек жолға шығуға тырысамыз. Бұл «Қайратта» бұрында да болған екен, Владимир Вайсс тамаша жұмыс атқарған, ол өте мықты бапкер. Сондықтан жаңа бір нәрсені іздемейтін боламыз. Бұрын қалай жұмыс жасасақ, солай жалғастыра береміз.

– Сіздің қатысуыңызбен өткен «Қайраттың» баспасөз-мәслихатында біздің басылымның журналисіне командаңыз өз ойынын қарсыласқа байланысты қалыптастыратынын айтқансыз. Біз сізді дұрыс түсіндік пе?

– Әрине, ойынды өзімізге байланысты жасауға тырысамыз, бірақ кейде матч барысында жаңаша әдіске ауысуға тура келеді. Немесе алаң біздің ойынға сай келмей қалуы да мүмкін. Футболда сенің ойының бірнеше ерекшеліктерден құралады. Бірақ қарсыласқа қарамастан, өз ойыныңды көрсетуің керек.

– Мүмкін болса, сіздің ойын философияңыз туралы бір-екі ауыз айтып өтсеңіз. Бұл қысқа және орташа пастардан тұратын комбинациялық футбол ма?

– Философиям мынадай: қарсыласқа қарағанда бір гол артық салу. Көптеген бапкерлер осындай немесе басқаша футбол көргісі келеді. Бірақ бәрі орындаушыларға байланысты ғой. Сондықтан, бүгінде командада жиналған ойыншыларға қарап айтарым, жақсы алаңда жылдам комбинациялық ойын өткізуге болады.

– 2 айдың ішінде өз ойыншыларыңыздың мүмкіндіктерін түсіндім деп айта аласыз ба?

– Бапкер өз ойыншыларының мүмкіндіктерін толық біле алмайды – кейде футболшылар таң қалдырып, басқаша ойнап жатады. Бірақ футболшылармен қандай да бір таныстығымыз орын алды. Бәріне де үлкен құрметпен қарайтынымды қайталап айтамын. Бірақ өз сұхбатымда ешкімді ерекше атап айтқан емеспін.

– Жас футбол мамандарына футболшылармен өзін қалай ұстауы керектігі жөнінде кеңесіңізді беріңізші. Өз жетекшілерімнің бірінен мынандай сөзді естігенмін: шәкірттеріммен ағайындылыққа жол бермеймін. Сізде осындай қағидалар бар ма?

– Әр бапкердің өзіне тән жеке жолы бар. Қолымнан келсе де, келмесе де, мен бапкерлік қызметімде өз философиямды өзара құрметтен құруға тырысамын. Неге бұлай айтып тұрмын? Өзім де футболда үлкен жолдан өткенмін. 20 жыл, мұның қандай еңбек екенін жақсы білемін. Оларға құрметпен қарасам, олар да маған құрметпен қарайтынын түсінемін. Бірақ қашан да қашықтықты ұстап тұру қажет. Сонымен қатар, өзіңнің де футболшы болғаныңды ұмытуың керек.

– Чемпионаттағы қарсыластарыңызды зерттердіңіз бе?

– Кей командалардың бейнематериалдарын қарадық. Әр ойын алдында қарсыластың мүмкіндіктерін толық зерттейтін боламыз.

«Егер адами қарым-қатынасты байқамасам, бірден кетіп қалуға тырысамын»

– Біздің басылым екі немесе үш жыл бұрын мынадай тақырыпта зерттеу жасаған болатын: қай амплуаның ойыншыларынан табысты бапкерлер шығады. Біз бұл туралы не айта аласыз?

– Сенің өз ісіңе қалай қарайтының маңызды. Көмекшілерің қандай, сен олармен өзара түсінісе аласың ба, футболға деген көзқарастарың бірдей ме – осының бәрі маңызды. Ал алаңдағы позиция бойынша үздікті анықтағым келмейді. Бұл жасанды дүние.

– Сіздің жүрегіңізді қай футбол клубы ерекше орын алады? «Динамо» ма, «Шальке» ме?

– Осы екі клуб та шығар. Осы командаларда ең көп матч өткізгенмін. Бірақ басқа командаларда да болғаным үшін қатты мақтанамын – «Локомотив Мәскеу», «Крылья Советов», «Торпедо Мәскеу». Оларды бөлгім келмейді.

– Мысалы, «Шальке» мен «Динамо Мәскеу» Еуропа лигасының плэй-офф кезеңінде ойнап жатыр делік. Кімге жанкүйер боласыз?

– Әдемі футболға. 4:3 есебімен «Динамоға» жанкүйерлік етер едім, қанша дегенмен, мәскеулік клубта көп матч ойнадым ғой.

– Сіздің жеке және командалық жүлделеріңіз көп. Сіз үшін олардың қайсысы бағалы?

– Менің өмірімдегі ең бағалы сыйлық – бұл балаларым.

– Мен кәсіпқой сыйлықтар туралы айтып отырмын. Мүмкін, Олимпиада алтыны немесе ЕУРО-дағы «қола»?

– Мен үшін ең бағалы деп ең бірінші жүлдемді айтар едім – бұл 1984 жылы мәскеулік «Динамомен» Кеңес Одағының кубогын жеңіп алғаным, сол кезде Валерий Газзаев екеуіміз гол соққанбыз. Сонымен қатар, Олимпиада алтыны – бұл кез келген спортшының мансабындағы ең бағалы жетістік.

– Жалпы, жүлделеріңізге қалай қарайсыз? Шаңын сүріп тұратын шығарсыз?

– Әйелім сүртіп тұрады, ненің қай жерде жатқанын сол біледі. Мен білмеймін (күліп).

– Сізге «рейдер» деген сөз таныс па?

– Жоқ.

– Келісімдегі қосымша бөлімдер. Шоумен айналысатындар немесе құрметті қонақтар гастрольге келгенде осы терминді қолданады. Қара лимузин немесе қызғылт тікұшақ сұрап жатады. Сіздің келісім-шартыңызды қосымша бөлімдер бар ма?

– Білесіз бе, менің балалық шағымнан соң, қазір көлігімнің не қонақүйдің қандай болатыны маңызды емес. Балалық шағым мен жасөспірім кезімде өткен мектептен кейін маған тек адами қарым-қатынас қана маңызды. Егер адами қарым-қатынасты көрмесем, кетіп қалуға тырысамын.

– Сұхбатқа нашар дайындалған шығармын. Себебі сіздің балалық шағыңыз туралы ештеңе білмеймін. Бала кезіңіз туралы айтып беріңізші.

– Қазір сүйікті анам жоқ, жатқан жері жәнатта болсын. Анам мені қиын жағдайларда тәрбиелеп шығарды, маған жасаған нәрселері үшін менің оған айтар алғысым шексіз. Оған өте ауыр болған, мені жалғыз өзі тәрбиеледі, біз барақта тұрғанбыз. Тәрбиеме, өмірлік позицияма келгенде ол маған көп нәрсе берді. Анам әрқашан айтып жүретін: ақымақтардан аулақ бол. Бұл – менің ұраным.

– Маған сіздермен бірге балалар үйінде болу бақыты бұйырды – «Қайрат» көмек үшін келіп, сыйлықтар берді, балалармен сөйлесіп, бірге футбол ойнады. Тимощук пен Сидельников балалармен бірге алаңды «жандырып» жүрді. Балалар ғана емес, мен де қуанышты сезімде болдым. Сіз де осындай әсерде болған шығарсыз.

– Балалар үйіне келген кезде... Әр адамда бұл сезім әр түрлі болып жатады. Мен бұл сұхбатта балалар үйінде жұмыс жасайтын адамдарды, әйелдерді атап өткім келеді. Олармен сөйлесе алғанмын. Өздерінің ішкі жылулықтарын осы кішкентай балалар мен қыздарға беруге тырысып жүргендері үшін басымды иемін. Мен өте қатты әсер алдым.

– Бөлмелерге көтеріліп жатқанда балалар жүгіріп келіп, «Бас бапкер қайда?» деп сұрап жатты.

– Иә (күліп), бұл тамаша әсер. «Қайраттағы» жігіттердің олармен футбол ойнауы баланың есінде мәңгілікке қалып қояды. Менің балалық шағымда ең бақытты естелігім шеберлер командасымен бір автобуста сапарда болуыма байланысты. Біз балалармен футбол ойнап жатқанбыз, футболшылардың бірі көріп қалып, маған: «Допты ауада теуір көр. Егер 20 рет жерге түсірмей тепсең, өзіммен бірге автобусқа аламын және бірге ойынға барамыз» деді. Мен 20 рет ауада теуіп бердім (күліп), сөйтіп мені өздерімен алды. Мен үшін бұл нағыз бақыт болатын!

Бүгін балалар Тимощук, Бақаев және басқа да шеберлерді көрді – бұл олармен мәңгіге қалады. Мұндайды тек көру керек! Бұл ең үлкен әсерлер еді!

«Вороговский «Қайраттың» болашағы. Жаттығуларда тамаша жұмыс жасайды, онымен келісім-шартқа отырғанымыз дұрыс болды деп ойлаймын»

– «Қайратқа» оралайық...

– (Күлді).

– Келісім-шартқа отырыр кезде құрамды жасақтау бойынша талаптарыңыз не тілектеріңіз болды ма?

– Жоқ. Бәрі футболшылармен сөйлесу арқылы жүзеге ауысуы керек. Әр ойыншының футболдағы шеберлігі мен өз ісіне көзқарасын көру қажет.

– Аршавинге келер болсақ. Спорттық тұрғыдан алғанда оған ешқандай сұрақтың жоқ екенін айтқансыз. Бірақ келісім-шартқа әлі қол қойылған жоқ. Демек, әлі де келіссөз жүргізіліп жатыр ма?

– Мен келісім-шарт туралы ештеңе білмеймін. Бұл маған қатысты емес.

– Бірақ ол командаңызға керек пе?

– Ол маған ғана емес, Ресей мен Еуропаның жарты командасына керек деп ойлаймын.

– Сіз есептейсіз бе?

– Бұл құйтырғы сұрақ па (күліп)? Сіз төлқұжатқа қарайсыз ба?

– Жоқ, әрине, жоқ. Тимощуктің жасы нешеде? 37-де ме? Бірақ мен Аршавин туралы сұрап отырмын.

– Иә, Тимощук 37 жасында да жақсы ойнайды, бұл өз ісіне деген кәсіби қатынастың үлгісі. Мен Тимощукті басқаларға үлгі ретінде көрсетер едім. Ал Аршавиннің жағдайын, шамасы, өзінен сұрау керек шығар, бірақ ол алаңға шыққан кезде команданың пайдасы үшін бар күшін салатынын білемін.

– Бірақ «Кубаньде» өткізген жарты жылы көңіл көншітпейді...

– Оның «Кубаньде» маусымды қалай өткізгенін білмеймін.

– Бірақ қазір «Қайратта» ойыншының физикалық жағдайын тексеру үшін барлық құрылғы салынған ғой. Аршавинге көңіліңіз тола ма?

– Бапкер ешқашан өз ойыншысының физикалық жағдайына көңілі толмайды, бірақ мен бір нәрсені білемін – Аршавин нәтиже көрсете алады.

– Исаэл, Риера, Исламхан – «Қайраттың» негізгі құрамындағы шабуылдаушы жартылай қорғаушылар үштігі. Аршавин кімнің орнына шығуы мүмкін?

– Кез келген клуб 11 ойыншыдан тұрмайды. Аз дегенде 18-20 футболшы бар. Маусым ұзақ, жарақаттар, сары қағаздар болады, соған көңілі толмайтындар болады. Сондықтан, бәрі де ойнап үлгереді. Ал алаңдағы позицияға келер болсақ, бұл үлкен мәселе емес, бапкерлік штаб мұны шешеді деп ойлаймын.

– Командада 3 сәуірге дейін күшейтілуі тиіс позициялар бар ма?

– Бар, бірақ сізге кез келген бапкер құрамды күшейту керектігін айтады.

– Мен бапкерлердің қандай да бір жағдайдан соң құрамға көңілінің толатынын, енді мақсатты орындауға дайын екенін айтып жатқан түрлі сұхбаттарын оқып та, көріп те жүрмін. Сіз осылай айта алмайсыз ба?

– Дәл қазір футболшылар бар, оларға көңілім толады.

– Менде Аршавин туралы дайындалған төрт сұрақ бар, соның біреуін қояйын. Тимощук жылдам бейімделіп кетті – команда үшін де, қала үшін де өз адамымызға айналды. Бұл тұрғыдан алғанда Андрей Сергеевичтің жағдайы қалай?

– Ненің болатынын болжай алмаймын. Бұл бір ойыншының гол соғатынын, не соқпайтынын сұраумен тең. Ол жоғары деңгейлі ойыншы.

– Ол қазір басқа ойыншылармен достық қарым-қатынаста ма әлде бәрінен оқшау жүре ме?

– Оны командада жақсы қабылдады деп ойлаймын. Ол да жігіттерге үлкен құрметпен қарайды...

– Бірақ ол ашық жаттығуға қатысқан жоқ қой (3 наурызда Алматыдағы маусым алдындағы баспасөз-мәслихатынан соң. – Авт.)...

– Қазір ол «Қайраттың» ойыншысы емес, келісім-шартқа қол қойылмады.

– Құрамға қатысты тағы бірнеше сұрақ. 19 жасар Ян Вороговский «Қайратпен» 5 жылдық келісім-шартқа отырды...

– Ол өте жақсы футболшы. «Қайраттың» болашағы деп те айтар едім. Жаттығуларда тамаша жұмыс жасайды, онымен келісім-шартқа отырғанымыз дұрыс болды деп ойлаймын.

«Тапсырмаларды жігіттер орындайды. Орындалар-орындалмасын мен қайдан білейін? Бақытыма орай, мен сәуегей емеспін»

– Сіз қаралымға дубльдің 10 ойыншысын алдыңыз. Оның төртеуі негізгі командамен келісім-шартқа отырды...

– Тағы екеуін қарап жатырмыз. Мен қашан да айтып жүремін, өз өмірімде таланттыларды өте көп көрдім. Ал егер талант тек талант ретінде қалса, онда футболшы ойнамайды. Қайталап айтамын, талантпен қатар, үлкен еңбексүйгіштік керек. Еңбек пен өзіңе деген көзқарасың дұрыс болуы шарт. Өзіңе деген талапты азайтсаң, әуесқой футболдан бір-ақ шығасың. Еңбексүйгіштігінің арқасында үлкен табысқа жеткен талантсыз футболшыларда да өте көп көрдім. Ал егер талант та болғанда, олар жоғары деңгейлі футболшылар болар еді. Ал егер жоғары деңгейлі болса, оларға айтылар сындар өте көп болады, өтірік сыбыстар да көбейіп кетеді.

– Себебі олардың мінездері ауыр ма?

– Барлық футболшының мінезі ауыр. Барлық!

– Ортаңқол ойыншылардың да ма?

– Ортаңқол ойыншылардың мінезі одан да ауыр. Ортаңқол болу қашан да наразылықты тудырады! Тамаша футболшының бәрі де тамаша болады.

– Футболшының алаңда және одан тыс уақыттағы тәртібінің өлшемі бар ма?

– Ойыншыларымның жеке өмірі қатты алаңдатпайды. Тәрбие, мәдениет деген бар. Турашыл адамдарды жақсы көремін, олар басылымдарға өз пікірін тура айта алады, бірақ олар шектен шығып жатса, әрине, мұндай тыйым салушылық кеудеден итеріп тастайды. Тыйым салынып басталса, басқа нәрсеге де тыйымдар бола бастайды. Егер ол өз ойын бір рет айтса, екінші рет одан тағы сондайды күтіп жүресің. Анамның сөзін айттым ғой сіздерге: ақымақтардан аулақ бол.

– Тура сұрақ, мүмкін болса, тура жауап берсеңіз. Қақпашы қызметін кімге бересіз (Сұхбат ҚР Суперкубогының алдында болды. – Авт.)?

– Әлі ойланып жүрмін (күліп).

– Мүмкін емес!

– Жарайды! Былай жауап берейін: жұмыс жасап жүрген үш қақпашыға да көңілім толады. Адами тұрғыда да, кәсіби тұрғыда да.

– Бірінші мүмкіндікті кім алады? Бұл құпия ма?

– Әрине.

– Арандатушылық сұрақ қойсам бола ма?

– Болады (күліп).

– Лукаш Тесак сізде «Торпедода» бірінші лигада ойнады. Кейін өз орнын сақтап қалу үшін жанталасып жатқан тулалық «Арсеналға» ауысты. Яғни, бұл ойыншы жоғарыға көтерілген жоқ, ал сіз оны «Қайратқа» шақырдыңыз. Демек, ол не ресейлік чемпионатта дұрыс бағаланбай жүр, не Қазақстандағы үздік клубтардың деңгейі «Торпедо» мен тулалық «Арсеналмен» бірдей. Бұл туралы не айтасыз?

– Біріншіден, оны көтермелеп жүретін Тесактың агенті жоқ. Екіншіден, оның дұрыс бағаланбағаны туралы ешқандай күмән жоқ. Ол тамаша футболшы және жақсы адам, ал ең маңыздысы – ол мінезі бар жігіт. Егер жақсы агенті болса, Еуропаның үздік клубтарында ойнар еді. Бұл уақытта бұл көп нәрсені шешеді: агентің бар ма, жоқ па.

– 2008 жылғы Еуропа чемпионатынан соң сізді сол кездегі Ресей құрамасының физикалық дайындығының авторы ретінде айтып жүрді. Яғни, осы саладағы маман ретінде сұрайын, сіздің ойыңызша «Қайраттың» чемпионат аяғында қатарынан екі рет жеңіліп қалу себебі неде?

– Мәселе «физикада» деп ойламаймын. Бұл психология. Команда жақсы өнер көрсетіп, шешуші сәт келгенде өзіне сенімділік керек. Психология – бұл зерттелмеген сала. Жігіт жаттығуда барлығын жасауы мүмкін, бірақ ол алаңда 60 және 70 мың көрерменнің алдына шыққанда абыржып қалады. Бұл физикалық жағдай емес, психология.

– Тағы бір сұрақ. Усейн Болт футболшы бола ала ма?

– Жоқ.

– Соңғы сұрақ: сіздің ойыңызша, клубты дамытып, атын әйгілеу үшін қазір чемпион болып немесе Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығу қажет емес пе?

– Маған бапкер ретінде мүдделес команданы жасап шығу маңызды. Ал жүлделер мен орындардың қандай болатынын болжай алмаймын.

– Бірақ мақсаттар бар ғой...

– Менің ойымша, бізден бөлек жоғары мақсаттар чемпионаттың бірінші алтылығында бар. Мысал келтірейін. Мен мәскеулік «Динамода» ойнап жүргенімде, футболшылардан мақсаты туралы сұраған. Біреуі «бірінші орын мен кубок» десе, екіншісі «Кубок пен бірінші орын», ал үшіншісі «ұшып кетпесек екен» деді. Үшіншісі дұрыс айтты – ұшып кете жаздадық.

Бұл, әрине, қалжың. Шынымды айтсам, ештеңе дей алмаймын. Мақсатты жігіттер орындайды. Орындай ала ма, жоқ па, қайдан білейін? Бақытыма орай, мен сәуегей емеспін. Мен және барлық бапкерлік штаб жігіттер үшін алаңдаймыз, әрине, бәрі солардың қолында. Бапкерлік штаб команда мен біздің жігіттерге сенеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или