«Ертіс» директоры неліктен футбол жейдесінде «EXPO-2017» белгісі тұрғанын түсіндірді

«EXPO-2017» Қазақстан футбол Федерациясына өз эмблемасын жейдеге бейнелеу арқылы тегін жарнамалауға өтініш білдірген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

-Бізге ҚР футбол федерация тарапынан жейделерге белгі салу туралы ұсыныс келіп түсті. Клубтардың қалауы бойынша эмблеманы кеудеге, иық тұсына немесе ойыншы нөмірінің астына орналастыруға болады. Біздің басты демеушіміз - ERG. Сондықтан аталмыш компанияның эмблемасын кеуде тұсына, ал «EXPO-2017» эмблемасын иық тұсына қойдық, - деді И. Елащук.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының төрағасы Олжас Абраевтың айтуынша, командалар мұндай ұсыныстан бас тартса да болар еді. Дегенмен барлық футбол командалары бұл ұсынысты өз еріктерімен бірауыздан қабылдаған.

-Футбол федерациясына эмблеманы футболшылардың жейдесіне орналастыру туралы ұсыныс «EXPO-2017» ұйымдастырушыларының атынан түскені рас. Мысалы, «Қайрат» таңдалып алынған белгіні кеудесінің алдыңғы тұсына қойды, ал енді бірі ойыншы нөмірінің астына салды. Мұның барлығы ақысыз түрде жүргізіледі, - деді О. Абраев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или