Роналду антирекорд орнатты

Футболдан Португалия құрамасы мен мадридтік «Реалдың» көшбасшысы ойыншысы Криштиану Роналду жеке антирекордын орнатты. 31-жастағы футболшы «Лас-Пальмасқа» қарсы кездесуінде 28 рет қана допқа тиді.

Португалиялық футболшы «Лас-Пальмасқа» қарсы ойында көзге түскен жоқ. Бар болғаны 28 рет қана аяғына доп тиген. Бұл Криштианудың мадридтік клуб сабындағы ең төменгі нәтижесі. Ол осыған дейін екі тайм ойнамаған күннің өзінде мұндай нәтиже көрсетпеген.

Айта кетер жайт, қазіргі таңда «Реал» футбол клубы Испания чемпионатында үшінші орында тұр. Көш басындағы «Барселонадан» 12 ұпайға қалып келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или