Умут Булуттың әкесі Анкарадағы лаңкестік оқиғада қаза тапты
<p style="text-align: justify;">
<strong>Анкарадағы лаңкестік акт кезінде «Галатасарайдың» шабуылшысы Умут Булуттың әкесі қаза тапты.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлайды. Кемаль Булут ұлының ойынын көру үшін арнайы Анкараға келген болатын. «Галатасарай» футбол клубы Умут Булуттың әкесінің қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. </p>
<p style="text-align: justify;">
Естеріңізге сала кетсек, Анкара қаласындағы жарылыстан 37 адам қайтыс болды. 125 адам түрлі деңгейде дене жарақатын алып, ауруханаларға жеткізілген болатын. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или