«Астана» клубы жанкүйерлерінен кешірім сұрайды

Елордалық «Астана» футбол клубының әкімшілігі ҚПЛ-дің алғашқы туры аясында «Шахтер» командасына қарсы өткен матчтың билеттеріне байланысты туындаған дау үшін елордалық жанкүйерлерден кешірім сұрады.

«Астана» - «Шахтер» матчын көру үшін келген жанкүйерлер қызық жәйтке тап болды. Кассада билеттің орнына билеттің саны мен сатушының қолы қойылған жыртық қағаз берілген.

Бұның себебін, клуб әкімшілігі техникалық қателіктерге байланысты деп отыр. Аяқ асты істен шыққан техника әкімшілікті әбігерге салып қойған. Алайда, ойынды көруге келген жанкүйерлердің барлығын кіргізу үшін осындай шара қолдануға мәжбүр болған. Барлығы 56 қағаз берілді дейді елордалық ұжым өкілдері.

«Астана» футбол клубы матч кезінде болған қолайсыздық үшін жанкүйерлерінен кешірім сұрайды және түсіністік танытып, қолдау көрсеткендері үшін алғысын айтады», - делінген хаттамада.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или