Ширек жыл өтті, ұлттық құрама - бапкерсіз

Ширек жыл өтті, ұлттық құрама - бапкерсіз

Қазақстан футбол Федерациясының президенті Ерлан Қожағапановтың бас бапкерді тағайындаймыз деп айтқанына екі айдан астам уақыт өтті.

Футболдан Ұлттық құрамамызды 2018-ші жылы Ресейде өтетін Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындайтын маман әзірге нақты бекітілген жоқ. Жақында белгілі болғандай, Қазақстан құрамасының уақытша бас бапкері қызметіне «Ақжайықтың» жаттықтырушысы Талғат Байсұфинов тағайындалды. Оған отандық мамандар Нұркен Мазбаев пен Юрий Новиков көмектеседі. Алда Грузия мен Әзірбайжан құрамаларына қарсы екі жолдастық кездесу күтіп отыр. Әзірбайжанмен кездесу Түркия елінде өтетін болса, Грузиямен Тбилисиде күш сынасамыз. Қос ойынға шақырту алған ойыншылар да белгілі болды. Қуаныштысы, тізімде қазақтардың саны көбейді. Жартылай қорғаушылар - кілең қазақтар. Бірде-бір келімсек жоқ. Голландия чемпионатында өнер көрсетіп жүрген «Роданың» ойыншысы Георгий Жуков та шақырту алмады. Соңғысы қай Ұлттық құрамасының намысын қорғайтынын әлі шешпеген сияқты.

Қаңтардың басында ҚФФ президенті Қожағапанов мырза барша футбол сүйер қауымға Ұлттық құраманы баптайтын маманның есімі бір айдың ішінде анықталады деп мәлімдеген. Ең алдымен, сауалнаманың қорытындысы бойынша бас бапкердің шетелдік болатыны анықталған. Содан соң отандық басылымдар үш үміткердің есімін жариялады: Владимир Вайсс, Мартен Ольсон және Эрве Ренар. Соңғысы осыдан бір ай бұрын Марокко құрамасының тізгінін ұстаған болатын. Демек, үміткердің саны екіге дейін азайды. Словакиялық пен швециялық мамандар әзірге жұмыссыз. Ғаламторда тіпті Ұлттық құраманы Христо Стоичков пен Дженнаро Гаттузо баптайды деген сыбыстар болған. Қазақстанда жылына екі миллион доллар табыс тапқан Юрий Красножан кеткен соң, отандық маман Талғат Байсұфинов Ұлттық құраманы тегін болса да баптауға дайынмын деп мәлімдеген болатын. Ең қызығы үш ай уақыт өткен соң, Қожағапанов мырза Қазақстанның уақытша бас бапкері қызметіне оралдық клубтың бас жаттықтырушысын тағайындады. Сөзсіз, Байсұфинов еліміздегі ең тәжірибелі мамандардың бірі. Ендігі сұрақ, ары қарай не болмақ? Егерде, Ұлттық құрамамыз алдағы екі кездесуде жеңіске жетсе, онда тұрақты бас бапкер қызметіне Байсұфинов тағайындалуы мүмкін бе?

Әрине, Владимир Вайссты көргісі келгендер көп, бірақ словакиялық маман кем дегенде бір миллион доллар жалақы сұрайтыны анық. Оданша бұл ақшаға жастарға футбол Академияларын ашып, еліміздің барлық облыстарында футбол алаңдарын салған жөн емес пе? Шторк, Беранек, Красножан... Қанша бапкер ауысты, ал Ұлттық құрамамыздың іріктеу кезеңдерінде алатын орны бұрынғы қалпында – 5 немесе 6. Демек, жергілікті бапкерге мүмкіндік берілсе, нәтиже еш нашарламайтыны анық. Қазір еліміздегі қаржылық дағдарысты ескерсек, Байсұфинов Ұлттық құраманы баптауға ең лайық үміткер. Бұдан не шығатынын тек уақыт көрсетеді. Біз болсақ футболдан Ұлттық құрамамызды қолдап, отандық мамандарымызға қолдау көрсетейік.

Дайындаған: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или