«Екібастұз» қаржылай қиындыққа қарамастан жаңа маусымға дайындық жүргізуде

«Екібастұз» футбол клубының басшылығы команданың таратылғаны жайында жарық көрген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Клуб президенті Раис Гайнулинның айтуынша, команда жаңа маусымға дайындық үстінде.

-Мұндай ақпараттың қайдан келгені белгісіз. Бізде қаржылай қиындықтар бар, алайда ойыншылар мен бапкерлер 10-қаңтардан бері жаңа маусымға қызу дайындық жүргізуде. Маусым 20-сәуірде басталады, қарсыласымыз әзірге белгісіз. Команда жергілікті футболшылардан құралған, - деді Р. Гайнулин.

Айта кетерлігі, еліміздің алдыңғы қатарлы спорт сайттарының бірі Sports.kz, «Екібастұз» футбол клубының таратылғаны жайында ақпарат жариялаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или